ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ТҮЛЕКТЕРГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

Білім
Еліміздің он төрт аймағын-да 16 мамырдан бастап мектеп бітіруші түлектер үшін мем-лекеттік тестілеу жүргізілуде. Ол бірсүгіні, яғни 5 шілдеде аяқталады. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің шешімі бойынша 2024 жылы бітіруші түлектер екі рет тест тапсы-рып, оның жоғарғы балл жи-наған сертификатын грантпен оқуға түсуге ұсына алады.
Айталық, Шардара аудан-дық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде 2023-2024 оқу жылында 11-сыныпты 1275 оқушы бітірді. Олардың арасында «Алтын белгі» иегер-лері 68 болса, 93 оқушы «Үздік аттестат» алуға қол жеткізді. Сол сияқты мектеп бітіруші 1184 түлек, яғни мектеп біті-руші түлектердің 92,8 пайызы ұлттық біріңғай тестілеуге қа-тысты. Қазіргі таңда аудан көлемінде білім беретін мек-тептер арасында ең жоғары 134 балды иеленген М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектеп түлегі Айтбай Рамазан Лесбекұлы, 133 балды иелен-ген «Сырдария» жалпы білім беретін мектебінің түлегі Аяна Қуанышбекқызы мен 131 балл иеленген «Жаушықұм» мек-теп-лицейінің түлегі Айымхан Аружан Сәкенқызы көш бас-тап тұр.
Биыл тестілеуде өзгеріс бол-ған жоқ. Түлектерге төрт сағат уақыт беріліп, 5 пәннен 120 сұраққа жауап беруі көзделген. Мүмкіндігі шектеулі түлектер-ге қосымша 40 минут беріл-ген.
Бірінші тестілеуде өз дең-гейін байқап, екінші тестте тү-лектер барынша жоғары балл жинауға күш салды.
Барша түлектердің мемле-кеттік тестті жоғары деңгейде тапсырып, жоғарғы оқу орын-дарына грант иегері болып тү-сулеріне, осылай аудан көрсет-кішін арттыруға үлес қосула-рына тілектестігімізді білдіре-міз.
Made on
Tilda