2024 жылғы 6 қазанда еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету мақсатында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша бүкілхалықтық республикалық референдум өтті.
Референдумға қатысқан азаматтардың 71,12 пайызы немесе 5 миллион 561 мың 937 адам Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдап, дауыс берді. Оған шардаралықтар да өз үлестерін қосты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз үшін тарихи кезеңде белсенді қызмет еткен азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады. Олардың арасында Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумды дайындауға және өткізуге белсенді атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкері Алмас Әмзеұлы Оспанов та марапатталды.
Алмас Оспанов өзін жауапкершілікті және парасатты азамат ретінде көрсетіп, бұған дейін де қоғамның дамуына белсенді араласқаны үшін аудандық, облыстық деңгейдегі марапаттарға ие болған. Ол аудандағы дін саласында атқарған жұмыстары үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне орай, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағы төрағасының «Еңбек озаты» төсбелгісімен, «Құрылысшылардың кәсіби мерекесі» күні қарсаңында Шардара ауданы әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапатталған.
Алмас Әмзеұлын марапатымен құттықтай келе, деніне саулық, отбасына амандық, жұмысына сәттілік тілейміз! Абырой биігінен көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз!
«Шартарап–Шарайна»
газетінің ұжымы