Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, өрт қауіпті маусымда сақталатын негізгі «Өрт қауіпсіздігі тәртіптерін» ұсына отырып, Сіздерге ескертеді:
* Орманда от жағуға қатаң тиым салынады.
* Ормандарда сөнбеген темекі қалдықтары мен сіріңкелерді тастауға болмайды.
* Орманға кіретін техникалар, жалын өшіргіш құралмен жабдықталуы тиіс.
* Орманда жанама пайдаланушылар мен мал жаюшылар өрт болдырмау шараларын қатаң сақтауға міндетті.
* Орманда жаңа басталған өртті анықтаған жағдайда оны тез сөндіруге шара қолданыңыз және орман шаруашылығы қызметкерлеріне жедел хабар беріңіз.
* Орманда мал жаюшы және жұмыс істеуші мектеп жасындағы балалардың ретсіз сіріңке қолдануы, от жағуы және тағы басқа өртке жол берілетін қауіпті жағдайлар ата-аналар тарапынан жіті қадағаланып ескертулер жасалсын.
Уақтылы анықталып, сөндірілген өрт – орман тоғайымыздың сақталуының кепілдігі.
Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған азаматтар ҚР заңдылықтарына сәйкес Әкімшілік және Қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 367-1 бабы.
Өрт болған жағдайда, Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі 2-17-87, 78-4-18 және өрт сөндіру бөліміне 101 сымтетіктеріне жедел хабарласыңыздар.
Орманды өрттен сақтау әрбір Қазақстан Республикасы азаматының міндетті борышы!
АСЫЛБЕКҰЛЫ Бақыт, «Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Орманпатолог инженері.