ШАРТАРАП ШАРАЙНА

ШАРДАРА: ҚОССЕЙІТ АУЫЛЫНДА ЖАҢАДАН СПОРТ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Спорт
Шардара ауданы, Қоссейіт ауыл округінде спорт алаңшасы ашылды. Нысанның ашылу салтанатына Қоссейіт ауылы әкімінің міндетін атқарушы А.Алденеев, ауыл биі Б.Төлегенов, ауыл медиаторы П.Сейтжаппаров және жергілікті тұрғындар қатысып, құттықтау тілектерін білдірді.

Спорт алаңшасының ашылу салтанатына орай, ауыл жастарының арасында кіші футболдан жарыс өтіп, І, ІІ, ІІІ орындар анықталып, ауыл әкімінің атынан мадақтама қағазы табысталып,сый-сияпаттар берілді.

Ауыл әкімдігі жаңадан ашылған спорт алаңшасында футбол, волейбол және баскетбол спорт түрлеріне ауыл жастарын қамту жоспарланғанын және футбол үйірмесіне 100-ге жуық бала қатысып жатқандығын жеткізді.
Made on
Tilda