Біздің әулеттен Шардараға ең алғаш туған ағам Тілеген келіп қызмет істеді. Аудандық дәріхананың бастығы болған ол кісі аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болған, үлкен кісілермен араласып қалған адам еді. Мен Алматы қаласындағы С.Асфендияров атындағы медициналық институтта оқып жүрген кезімде ағамның үйіне жиі келуші едім. Жаз мезгілінде осы Шардарада практикада боламын. Құрылыс жұмыстары қыз-қыз қайнап жатқан, сан түрлі ұлттың өкілдері уақытпен санаспай жұмыс жасап жататын жаңа мекенге қызыға қарайтын едім. Сондықтан болар, 1971 жылы оқу бітірген кезімде еш ойланбастан мен де Шардараға тартып отырдым. Жұбайым Айша Байжұманқызы екеуіміз облыстық денсаулық сақтау басқармасының арнайы жолдамасымен осында келіп жұмысқа орналастық. Осылайша шағалалы өңірдегі өмір жолымыз басталып сала берді.
Алғашқы еңбек жолым аудандық ауруханада тіс дәрігері болып басталды. Жоғары білімді жас маман болған соң шаршамайды ғой деген болар аурухананың комсомол ұйымының хатшысы секілді жұмысты да қоса жүктеп берді. Комсорг болған соң қоғамдық жұмыстардың бел ортасында шапқылап жүресің. Түрлі жиындарға қалмай қатысамыз. Аудандық партия комитетінде өтетін ірілі-ұсақты жиналыстар, пленум, коференция сияқты мәжілістерде аудандағы құрылыс саласынан да, егін мен мал шаруашылығынан да, білім мен мәдениеттен де, жалпы өңірдің барлық тыныс-тіршілігінен толық хабардар боламыз. Дәрігер қауымнан басқа да түрлі мамандық иелерімен аралас-құралас болып, таныса бастадым.
Қызылқұм тыңын игеруге біз де қатысып, денсаулық саласы бойынша өз үлесімізді қосып жүргенімізге шаттанатынбыз. Сырдың жағасынан бой көтерген әсем қала – Шардараны, көздің жауын алатын шалқар теңіз бен су электр стансамызды, облыста бізде ғана өсетін ақ маржан күрішімізді мақтан тұтатынбыз. Сол кездегі еңбек етіп жүрген барлық азаматтың бойында осындай мақтаныш, жаңа өңірді түлетіп, көркейтуге деген құлшыныс сезімдері лапылдап тұратын еді десем жаңылыспайтын шығармын. Осындай жалын атқан жастардың тілегі бір, жүрегі бір болатыны белгілі.
Ауданның қоғамдық-саяси өмірінің бел ортасында жүретін жастармен таныс-біліс болып, ол таныстықтар достыққа ұласып жататын. Қызылқұм өңірі – Бүкілодақтық екпінді комсомол жастардың құрылыс алаңы болған соң басшылық қызметтегінің басым бөлігі өзге ұлттың азаматтары болды. Біздің қазақ ағайындардан дипломды мамандар тым аз еді. Сондықтан болар, жоғары білім алып келіп, түрлі салада еңбек етіп жүрген өзіміздің қаракөз бауырларымызбен тонның ішкі бауындай араласып кеттік.
Бес-алты жас айырмашылықтарымыз білінбей, әзіліміз жарасып, көңіліміз жарасып, той-думанда, атаулы мерекелерде бас қосатын едік. Біздің ортада мұғалім де, дәрігер де, құрылысшы да, инженер де, ауылшаруашылығы саласының маманы да болатын. Атап айтар болсам, Ыбырай Сахов, Өстемір Тілегенов, Тәңірберді Ағманұлы, Ережеп Мәмбетов, Кеңес Әбуов, Әмірбек Ерубаев, Егемберді Дүйсенов, Зұлпыхар Биболов, Құттыбек Сарманов, Таймас Рүстемов сынды азаматтар отбасыларымызбен араласып кеттік.
Өсекең менен бірер жас үлкендеу болғанымен қатар құрбы-құрдас болып араластық. Ол өзі аудандағы үлкен тресте жұмыс істейді. Жұмысын жетік білетін, өз міндетін жауапкершілікпен атқаратын еңбекқор азамат екенін білеміз. Тірлігіне мығым, уәдеге берік, жан-дүниесі таза адамның жүзі де жарқын болады. Өсекең сондай адам болатын. Кесек сөйлеп, тура айтатын мінезі оны өзгелерден ерекшелендіріп тұратын. Іскерлігінің, білімділігінің, ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында қызмет сатысымен көтеріліп отырды. Үлкен құрылыс тресіне басшылық жасап, кейіннен облыстық деңгейге көтеріліп кетті. 1992 жылы ауданға тұңғыш әкім болып келіп, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы өтпелі кезеңнен ауданды абыроймен алып шықты. Егемендіктің қалыптасу кездеріндегі адамдарға жалақы мен жәрдемақы, зейнетақылардың бірнеше айлап берілмейтін өте қиын кезеңдерде Өсекең өзінің ұзақ жылғы өндіріс орнында ысылған, халықпен қоян-қолтық жұмыс жасай білетін іскер басшы екенін көрсете білді. Ауданда халықтың ауызбірлігін сақтай отырып, мемлекет басшысының саясатын жүзеге асырды. Қарамағына қолынан іс келетін азаматтарды топтастырды. «Жақсы кадр – жанымның жалауы» деген Өсекеңнің сөзі қызметкерлердің арасында мәтелге айналып кетті.
Мен қызмет атқаратын аудандық емхана 1981 жылы ашылған болатын. 90-шы жылдарда жөндеуден өткізілді. 1997 жылы барлық құжаттарын талапқа сай даярлап, жекешелендіріп алып, сол баяғы құраммен халыққа қызмет көрсетіп келе жатырмыз. Қазір айтуға оңай болғанымен, үлкен мекемені жекешелендіру жеңіл болған жоқ. Сол кезде Өстемір Тілегенұлы көп жәрдем жасады.
–Тіс емханасын жақсы маманға сеніп тапсыруға болады. Түймебай сияқты кадрдар елге адал қызмет етеді деп сенемін. Заман талабына сай жұмыс істеп, халықтың алғысын ала беріңдер! – деген еді Өсекең осы емхана жекеменшік ретінде жұмысын бастаған сәтте. Бұл сөз әрине маған да, менің ұжымымдағы қызметкерлерге де үлкен қанат бітірді. Өзі емхананы асықпай аралап көріп, кең отырып әңгіме-дүкен жасап кетті.
Менің 50 жасқа толған мерейтойымда да әкіммін деп сылтау айтпай, қуанышыма арнайы қатысып, қонақ болды. Әлі күнге той-томалақ болса алыс-жақын демей Өсекең қатысып жүреді. Достыққа адалдық, жұртқа жанашырлық сияқты қасиеттерді Өсекеңнен үйренуіміз қажет.
Ол кісінің анасы Майсахан Байзаққызы біздің әпкеміз болып келетін. Менің анаммен барлығы құмда бірге өсіп, бірге ғұмыр кешкен. Анам Майсахан әпкемізді “Қолынан келмейтіні жоқ ісмер, жүзінен мейірім шуағы төгілген жақсы адам” деп аузынан тастамай айтып отырушы еді. Майсахан әпкеміздің көзін көріп өстік қой. Бізді көрсе іштартып, кездескен жерде әке-шешемізді айтып, бір жасап қалатын еді.
Өстемір бауырымыз бірнеше мемлекеттік наградалармен марапатталды. Түркістан облысының және Шардара ауданының Құрметті азаматы атағын иеленді. Ел үшін сіңірген еңбегіне беріліп жатқан әділ баға деп санаймыз.
Сексен жасқа толып отырса да Өсекең тұғырынан тайған жоқ. Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен оқиғаларды көңіл көкжиегінен өткізіп, өзіндік пікірін білдіріп отырады. Қазіргі кезде де тура Өсекең сияқты елге шын жаны ашитын басшылар болса деп армандайсың.
Мерейтой құтты болсын, Өсеке!
Түймебай ӘЛМЕНОВ,
денсаулық саласының ардагері,
Шардара ауданының Құрметті азаматы.