«Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» атанған журналис-тиканың қоғамдағы орны ер-екше. Қай заманда болмасын, әділ сөз айтып, ақиқат жолын-да аянбай еңбек еткен журна-листер ел мүддесі үшін қалам тербеп, шындықты ту етіп ке-леді. Солардың бірі де біре-гейі – Шардараның ардақты перзенті, Қазақстан Респуб-ликасының қоғам қайраткері, публицист, «Құрмет» ордені-нің иегері, еліміздің құрмет- ті журналисі Жұмабек Сейілханұлы Мұқанов еді.
Жуырда Шардара ауда-нында көрнекті қаламгер, қоғам қайраткері Жұмабек Мұқановтың ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға аудан әкімінің орын-басары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы қатысып, жү-рекжарды сөз сөйледі. Сон-дай-ақ, белгілі жырау, ақын Әділбай Жанниязов арнау жырын оқыды. Қоғам бел-сенділері Қазақстанның Құр-метті соты Бекет Тұрғараев, Ислам Әбішев, Шардара ауда-нынынң Құрметті азаматы Сламбек Мергенбаевтар да өз естеліктерімен бөлісті.
«Ұлтын сүю – ұлтшылдық емес, ұлтжандылық» деп Ха-лық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай, Жұмабек Мұқанов – өз ұлты-на адал қызмет еткен, туған жерінің қамын жеген ұлтжан-ды тұлға еді. Оның ескерт-кішінің бой көтеруі – кейінгі толқын інілерінің аға ұрпақ алдындағы асыл парызының көрінісі.
Жұмабек Сейілханұлының өмірі мен еңбегі Шардара ауданының тарихымен тығыз байланысты. Әл-Фараби ат-ындағы Қазақ ұлттық универ-ситетінің журналистика фа-культетін тәмамдаған ол 1976 жылы еңбек жолын Шардара аудандық «Өскен өңір» газе-тінде корректор болып бас-тап, кейін тілші, одан соң 1983 жылы бас редактор қызметіне дейін көтерілді.
Ол басқарған кезеңде ау-дандық газет аудан тынысын дөп басып, ел мүддесін қор-ғайтын мінберге айналды. Оның бастамасымен көптеген талантты жастар журналис-тика әлеміне жол тартты. «Бұ-лақ көрсең, көзін аш» деген қағиданы берік ұстанып, ол жастардың қабілетін шыңдап, болашағына жол ашты.
Республикалық деңгейде де Жұмабек Мұқановтың қа-ламы қарымды еді. 1995-1997 жылдары ол ҚР Парламенті жанындағы «Халық кеңесі» газетінің және халықаралық «Түркістан» газетінің мен-шікті тілшісі қызметін атқар-ды. Ол – Жазушылар және Журналистер Одағының мү-шесі, «Қазақстанның Құрмет-ті журналисі» атағының ие-гері.
2001-2009 жылдары ара-лығында оның «Губернатор Аман Төлеев» атты кітабы төрт рет жарық көрді. Осы ең-бегі үшін ол Санкт-Петербург Халықаралық психология ғы-лымдары академиясының Құрметті академигі атанды. 2003 жылы жазушы, мем-лекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлының бастамасы-мен құрылған «Әйтеке би» қорының жетекшісі болды. Ұлы бидің өміріне қатысты деректерді жинақтап, кесене жобалау жұмыстарына атса-лысты. Сонымен қатар, бірне-ше деректі фильмнің сце-нарий авторы әрі кеңесшісі болды.
«Асыл сөз – ардың ісі» демекші, оның шығармашы-лық мұрасы – ұрпаққа өшпес өнеге. Ол «Әйтеке бидің ақ жолы», «Сексеуілдің шоғы», «Бопай ханым», «Шағалалы Шардара» сынды кітаптар-дың авторы. Әбіш Кекілбайұлымен рухани іні-дос болған Жұмабек аға «Жүз күндік жалғыздық» атты ес-телік кітабын да жарыққа шығарған.
Оның ерен еңбегі еленіп, 2017 жылдың 16 желтоқса-нында ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» ор-денімен марапатталды. Сон-дай-ақ, ол «ҚР Конституция-сына 10 жыл», «Астана» ме-дальдарына және «Шардара ауданының Құрметті азама-ты» атағына ие болды.
«Жақсының аты – өлмейді, ғалымның хаты – өшпейді» дейді дана халқымыз. Ардақ-ты ағамыз Жұмабек Мұқанов-тың қалдырған рухани-мәде-ни мұрасы, азаматтық болмы-сы – кейінгі ұрпаққа бағыт берер шамшырақ болып қала бермек.
Аяжан СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ