Шардара ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, физика және математика пәнінің әдіскері Мырзабекова Гүлнар 2025 жылғы 21 ақпан күні «Достық» жалпы білім беретін мектебінің базасында «Сабақ процесінде ЖИ көмегімен ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту» тақырыбында физика-математика бірлестігін қамтыған аудандық тәжірибелік семинар өткізді.
Семинардың басты мақсаты – математика мен физика пәндерінде жасанды интеллекті пайдалану арқылы ХХІ ғасыр дағдыларын жетілдіру және оның оқушылардың білім алу үрдісіндегі маңызын айқындау. Сондай-ақ ЖИ құралдарын қолданудағы әріптестер тәжірибесін бөлісу, жаңа әдістер мен оқыту құралдарын тиімді пайдалану жолдарын талқылау да осы басқосудың негізгі арқауы болды.
Семинар міндеттері:
Белсенді әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана отырып, оқушылардың қабілеттерін дамыту.
Оқушыларға сапалы білім беру арқылы ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіру.
Аталмыш шараға барлығы 36 мұғалім қатысып, олар жаңа оқыту технологиялары мен бағалауда жасанды интеллектіні қолданудың түрлі қырларын таныстырды. Семинар барысында ұстаздар өздерінің сабақ үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді ұтымды кіріктіріп, ЖИ-дің тиімділігін нақты практикамен дәлелдеп көрсетті.
Атап айтқанда:
«Кері итеруші күш. Архимед заңы» тақырыбында 7 “ә” сыныбына өткізген физика пәнінің мұғалімі Буркутбаев Ералы, «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу» тақырыбында 6 “ә” сыныбына математика пәнінен Егізқұм жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Атабаева Алима, «Ондық бөлшекті натурал санға бөлу» тақырыбына 5 “ә” сыныбына математика пәнінің мұғалімі Шонықбаева Нурсулу, «Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау» тақырыбында 9 “б” сыныбына физика пәнінің мұғалімі, Сырбек Каттабеков атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұстазы Жанаева Перизат, «Электр қыздырғыш құралдар» тақырыбында 8 “б” сыныбына физика пәнінің мұғалімі Сейдалиева Перизат, 7“б” сыныбына «Қысқаша көбейту формулалары көмегімен өрнектерді түрлендіру» тақырыбы аясында Ибадуллаева Қамажай ашық сабағын өткізді.
Сондай-ақ семинарға қатысушыларға «Сабақ процесінде ЖИ көмегімен ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту» тақырыбында коучинг сабақ ұйымдастырған информатика пәнінің мұғалімі Бегайдарова Асель, 9-11 сынып оқушыларына математика пәнінен «Математикалық сауаттылық есептерін шығарудың әдістері» тақырыбында Рысбекова Ботакоз шеберлік сабағын жүргізсе, «Мәтіндік есептерді құру және шығарудың тиімді жолдары» тақырыбында аудандық білім бөлімінің әдіскері Мырзабекова Гүлнар өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында білім бөлімінің әдіскері Гүлнар Мырзабекова және тәжірибе алмасуға келген әріптестер алған әсерлерімен бөлісіп, талқылау алаңында өз пікірлерін ортаға салды.
Семинарда мұғалімдер ChatGPT, Learning, Gamma, Canva, Gemini, Classroomscreen, Slidesgo, MagicSchool сияқты жасанды интеллект платформаларын кеңінен қолданып, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді байланыстырып көрсетті. Сабақ барысында функционалдық сауаттылықты арттыру мақсатындағы тапсырмалар да ұсынылып, оқушыларға зертханалық жұмыстар арқылы нақты тәжірибе жасау мүмкіндігі туды. Мәселен, математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін есептеу жұмыстары практикалық форматта ұйымдастырылды. Мұның бәрі ҰБТ мен ББЖМ-ге дайындалу кезінде кездесетін күрделі есептерді шешу жолдарымен қатар физика пәнін информатика пәнімен кіріктіру арқылы өткізудің оқушылардың қызығушылығын арттыратыны дәлелденді.
Математика пәнінің мұғалімі Б.Рысбекова «Математикалық сауаттылық есептерін шығарудың әдістері» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына бірнеше тиімді тәсілдерді ұсынды. Ол жиындардың қиылысуы есептерін екі түрлі жолмен шешу, санның соңғы дәрежесін табу, комбинаторика есептерін формуламен және ұяшық әдісі арқылы шешу әдістері сынды практикалық тәсілдерді көрсетіп, концентрация есептерін «кубик» әдісі, пайыз және пропорция формулаларын пайдаланып шешу жолдарына да тоқталды.
Ал информатика пәнінің мұғалімі Бегайдарова Асель семинар қатысушыларына өткізген коучинг сабағында топтық жұмыс кезінде жасанды интеллекттің түрлі үлгілерін қолданудың тиімді тәсілдерін таныстырды. Педагогтар арасында жылы психологиялық ахуал қалыптастырып, ЖИ технологияларын оқыту процесінде қалай кіріктіруге болатыны жайлы нақты мысалдар келтірді.
Семинар қатысушыларына білім бөлімінің әдіскері Г. Мырзабекова «Мәтіндік есептерді құру және шығарудың тиімді жолдары» атты тақырып аясында қозғалыс, қоспа және қорытпа, бірлесіп орындалатын жұмыс сынды мәтін есептерді 5 топқа бөліп талқылап, оларды шешу тәсілдерінің ерекшеліктерін баян етті.
Барлық коучингтер, шеберлік сыныптары және ашық сабақтар өзара тәжірибе алмасу алаңына айналып, қатысушы мұғалімдер бір-бірінен жаңа идеялар мен әдістемелік ұсыныстарды іліп әкетті. Әрбір сабақ соңында кері байланыс ұйымдастырылып, әріптестер көкейдегі сұрақтарын қойып, пікірлерін бүкпесіз ортаға салды.
Жалпы қорытындылай келе, семинар барысында жасанды интеллекттің қолдауымен сабақтарды жандандыру оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ХХІ ғасыр дағдыларын дамытудың жаңа өрістерін ашатынына көз жеткізілді.
РЫСБЕКОВА Ботакоз Махамбетовна —
«Достық» ЖББМ Физика және математика пәні бірлестігінің жетекшісі