Ел арасындағы табиғатынан ерекше таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайтып, дарынды жастардың шеберлігін шыңдап, ынтасын ояту және жастарды шығармашылыққа баулу, сондай-ақ өзіндік шеберлігін көрсете білуіне көмек беру, республикалық, облыстық сайыстарға шыңдау мақсатында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Шаңырақ жастар қоғамдық бірлестігінің» ұйымдастыруымен облыстық «Мейірім шуағы» атты мүмкіндігі шектеулі жастар арасында қылқалам және қолөнер шеберлерінің көрмесі өтіп, сол көрмеде менің де туындым көпшілікке таныстырылды.
Шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшы орынбасары Нұрсұлтан Маратұлы, облыстық жастар ресурстық орталығы басшысы Ернар Нұралыұлы қатысып, баршамызға өздерінің ізгі ниеттерін білдірді.
– Байқауға қатысушы жандардың мүмкіндігі шектеулі болса да, жүректерінде тұнған сезім мен өнерге деген сүйіспеншіліктерімен бізді тебірентіп, шараны жоғары деңгейде алып шықтыңыздар. Бар күш-жігерлеріңізді жиып, осы додаға қатысқандарыңыздың өзі үлкен жетістік. Барша қатысушы өнерпаздарға үлкен алғысымызды білдіреміз, –Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Е.Бектаев.
Шара соңында, туындыларымыз аукционға қойылып, әдемі тастармен безендірілген әшекейлер, үкілі сәукеле, сәнді білезіктер, үй макеті, қоржын, тоқыма бұйымдары, гипстен жасалған мүсін, шағын әмияндар, арқан жіптен өрілген себет және тағы да басқа заттар сатылды.
Сондай-ақ, барша қатысушы жастарға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы ынталандыру сыйлықтарын табыстады.
Осындай ерекше игі іс-шара өткізіп, көңілімізді марқайтқан Ернар Бектаев ағамызға мен де алғысымды білдіремін!
Сәуле Жүсіпова, жас белсенді