Жуырда Сырбек Кәттебеков атындағы жалпы білім беретін мектепте ерекше шара өтті. «Тоғыз айға – 9 іс-шара» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылар арасында «Болашаққа хат» атты шығарма жазу байқауы өтті. Байқауды әріптесім Несібелі Ибрайымовамен бірге жоғары деңгейде ұйымдастырдық.
Шараның басты мақсаты – оқушыларды өз жетістіктері мен болашаққа қойған арман-мақсаттары туралы шығармашылық тұрғыда ойлануға, ойын қағаз бетіне жүйелі жеткізуге баулу. Сонымен бірге, туған елінің болашағына үлес қосу идеяларын насихаттау, патриоттық сезімді қалыптастыру болды.
Байқауға 9-11 сынып оқушылары арасынан 24 оқушы белсенді түрде қатысып, өз болашағына хат түрінде арман-мақсаттарын жеткізді. Жарыс нәтижесі бойынша, 11 «б» сынып оқушысы Құлмағанбет Айнұр, 10 «в» сынып оқушысы Махмұт Анель, 10 «в» сынып оқушысы Зияхан Жазиралар үздік деп танылып, І орынды жеңіп алды. 9 «ә» сынып оқушысы Сәрсенбай Ақбота, 10 «а» сынып оқушысы Адырбай Ұлбосын, 9 «б» сынып оқушысы Оразбек Рауан, 11 «в» сынып оқушысы Оралбай Сымбаттар – ІІ орынға табан тіреді.
10 «б» сынып оқушысы Дүйсекей Арай, 9 «в» сынып оқушылары Теңес Кәусар мен Илиас Мөлдір – ІІІ орынды жеңіп алды.
Бұл шара оқушылардың болашаққа деген сенімін нығайтып, елін, жерін сүйетін азаматтарды тәрбиелеу жолында маңызды қадам болды. Олардың жазған шығармалары тексеріліп, бағаланды.
Бұл байқау жас ұрпақтың ел болашағына бейжай қарамай, оны жақсартуға деген ынтасын оятты. Оқушылардың жазған шығармалары болашаққа деген сенімнің, өмірге құштарлық пен мақсаткерліктің айқын көрінісі болды. Осындай тәрбиеіик мәні зор шаралар мектептің білім беру мен тербие процесіне оң ықпал етіп, оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.
«Болашаққа хат» байқауы – жарқын болашаққа жасалған сенімді қадам.
МУСАЕВА Райса –
Сырбек Кәттебеков атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі