Үкімет запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы Қаулы қабылдады.
Үкімет Қаулысына сәйкес 2025 жылы Қарулы күштер қатарына 29 жасқа дейінгі (медициналық мамандығы барлар 32 жасқа дейін) офицерлер 24 айға, яғни 2 жылға шақырылады.
Запастағы офицерлерді шақыру тәртібі, жергілікті әскери басқару органдарымен жүргізіледі. Біріншіден, офицерлердің жеке істерін қарап, мамандықтарына сәйкес оқып, біліп, кейін оларды әңгімелесуге шақырады. Жалпы, Қарулы Күштерге бүгінгі таңда сирек кездесетін мамандар, ол біріншіден, медициналық мамандықтар, тыл мамандықтары, авиация-техникалық мамандар, қаржы және инженер және т. б. мамандар жетіспейді.
Үміткерлерге қойылатын талаптар, біріншіден, денсаулық жағдайы. Одан кейін жасы 29 ға дейін болуы және біліміне сәйкес. Ал осы орайда, «Әскерге шақырылатын запастағы офицерлер қай жерде қызмет етеді және олардың өздері таңдауға мүмкіндік бола ма?» деген сұрақтың туындауы заңды. Дегенмен, әскерге шақырылған офицерлерде таңдау мүмкіндігі болады деп айта алмаймыз. Себебі, олардың мамандықтарына сәйкес Қарулы күштердің қай өңірлерде мамандықтарына сәйкес бос орындар болады, соған сәйкес сол жерлерге шақыртылады.
Дегенмен, екі жыл қызмет еткен офицер әскери қызметін одан әрі келісімшарт бойынша жалғастыра алады. Оған Қарулы күштер қарсы болмайды. Бізде қазіргі уақытта біршама жеңілдіктер қарастырылған. Қазір офицерлер жалақысын алады, сонымен қатар, қазір жақсы жағдайлардың бірі, тұрғын үй төлемі төленеді. Әрбір өңірдің тарифі бар. Жалғыз өзі болса, өзіне төленеді. Отбасы болса, отбасына толығымен төленеді. Және барған жерлерінде қызметтік пәтер болса, сонымен қамтамасыз етіледі. Болмаған жағдайда, жаңа-ғыдай ақша төленеді. Бұл жалақыдан бөлек. Сонымен қатар, киім-кешек, медициналық жабдықтар, бәрі тегін. Үкіметтің атынан қамтамасыз етіледі.
Осы орайда "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес запастан шақырылған офицерлерге атқарып отырған лауазымдарына сәйкес жалақы төленетіндігін айта кеткен жөн.
Қарулы күштер қатарына запастан шақыру егемендік алып, өзіміздің Қарулы күштер қалыптасқаннан бастап Заңда бар. Басқа мемлекеттерде де ондай тәжірибелер жүріп жатыр. Бір жағынан офицерлерді жоғары айлықпен, басқа да әлеуметтік қамтамасыз ету мен ынталандырып өз еркімен Қарулы Күштерде қалатын офицерлерді жасақтауға көмектеседі. Бір жағынан оларды әскери машықтандырып біздің Қарулы күштерді көрсетіп, әрі қарай білікті резерв қорын толықтырады.
Шақырту қағазын алған немесе 1414 желісі арқылы SMS хабарлама алған запастағы офицерлер белгіленген мерзімде көрсетілген мекенжайға келуге міндетті. Шақырудан жалтарған немесе келмеген азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар сот шешімімен лейтенант әскери атағы алынып, әскерге шақырылушы ретінде бір жыл мерзімге мерзімді әскери қызметке шақырылады. Олай болса, батыр бабаларымыздың жолын жалғап Тәуелсіз Еліміздің айбынды сардары болуға келіп, мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттыруға зор үлес қосатын мемлекеттік қызметтің ерекше түрі — әскери қызметші болуға асығыңыз! Анықтама үшін: телефон 2-11-34, немесе 8-775-762-51-07 телефонына хабарласыңыз!
Офицер – өз үйінің үміті, Отанының қорғаушысы, жанұясының мақтанышы!
Менің Отаным – ҚАЗАҚСТАН!
Отан қорғау – борышымыз!
ЖУМАНОВ Ербол Жанузакович–
Шардара ауданының қоғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник