ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Құтыру ауруы аса қауіпті - емі жоқ дерт!

Денсаулық
Құтыру-бұл аса қауіпті жіті вирустық жұқпалы ауру. Құтыру ауруының қоздырғышын тасмалдаушыларға жыртқыш аңдар: қасқыр, түлкі, қарсақ, шибөрі және үй жануарлары жатады.Үй жануарлары инфекцияны ауырған жабайы аңдар мен үй жануарларымен жанасу кезінде жұқтырады. Құтыру ауруымен ауырған жануар сау адамды тістеп алғанда немесе терінің зақымдалған жеріне олардың сілекейі түскен кезде вирус ағзаға енеді. Вирус ағзаға енгеннен кейін, алғашқы белгілерінің білінуі ұзақтығы тістелген орынға байланысты 10 күннен 1 жылдан артық уақытқа созылуы мүмкін.

Құтыру ауруының емі жоқ, алайда алдын алуға болады. Құтырудың алдын алу мақсатында құтыру ауруымен ауыратын жануар сау адамды тістеп алғанда барлығы құтыруға қарсы екпе курсын алу үшін емханаға медициналық көмек алу үшін тез арада қаралуы керек.

Құтыру ауруын болдырмау үшін мынадай сақтық шараларын сақтаған жөн: ит пен мысықты ұстау ережесін сақтау және де итті аулада байлаулы күйде немесе арнайы вольерде ұстау қажет, ит мысықты тек иесімен ғана серуенге шығу керек, балаларды бөтен ит мысықтарға жақындап ойнамауды түсіндіру керек. Үйдегі ит мысық және ауыл шаруашылық малдарын құтыруға қарсы жыл сайын екпеден өткізіңіз. Егер сіздің итіңізді немесе малыңызды бөтен жануар тістеп алған болса, оған жақындамауға және жануарларыңыздың мінез құлқы өзгерсе ветеринариялық дәрігерді шақыру қажет.

Ескерту:Құтыру ауруын тасымалдаушы сіздің үй жануарыңыз (итіңіз және мысығыңыз).

Өз денсаулықтарыңыз өздеріңіздің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар!

ТО ВБ "Ветеринариялық қызметі" ШЖҚ МКК Шардара аудандық филиалы
Made on
Tilda