Сәуір айының 4-6 күндері Шардара қаласы, Орталық стадионда Ұлы Отан соғысының ардагері, №300 атқыштар дивизиясының бөлім басшысы сержант Әбілдәұлы Сламидинді еске алуға арналған 2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында футболдан облыстық жарысы өткізілді. Осы жарысты ашып беру үшін аудан әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысты ашық деп жариялады. Аталған жарыста облысымыздың түкпір-түкпірінен келген 11 команда өз ойындарын көрсетіп шын мықтыны анықтады.
Жарыс соңында жеңімпаз командаларға грамота, медаль және кубоктар табыс етілді
Жарыс соңында жеңімпаз командаларға грамота, медаль және кубоктар табыс етілді