Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында аймақтарда ауыл шаруашылығының егіс алқаптарында ағын суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, мейлінше құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту, су үнемдейтін технологияларды көптеп ауқымды түрде енгізу қажеттілігі, суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру жөнінде тапсырма берген болатын.
Бұл жөнінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды да ауданымызға жасаған сапарында кеңінен айтып, ауылдық округтерде су үнемдеу технологиясын ендіруге қатысты тәжірибе алмасу бойынша шаруалармен семинар өткізуді тапсырған болатын.
Осы орайда Алатау батыр ауылдық округіндегі «Шұғыла – 2» шаруа қожалығының егіс алқабында су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша семинар өтті. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, тиісті сала мамандары, аудандық мәслихат депутаттары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысқан бұл семинарда аудан әкімінің орынбасары С.Ильясов ауданда ағын суды үнемдеу технологиясын ендіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, қазіргі таңда 846,0 гектар егіс алқабына су үнемдеу технологияларын ендіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, атап айтқанда 741,0 гектарға тамшылатып суғару, 105,0 гектарға жаңбырлатып суғару әдістері ендірілетіндігін атап өтті. Сол сияқты осы технологияны пайдаланып, 15,0 гектар жерге бақша дақылын егіп отырған «Шұғыла –2» шаруа қожалығының төрағасы Талғат Қайназаров өз жұмыстарымен таныстырды.
Талғат Төлебайұлы бұл жұмысқа үлкен дайындықпен келген. Осы бағыттағы өткізілген семинарларға үнемі қатысып, интернеттен көріп, биылғы жылы қолға алып, жүзеге асырып отыр.
15,0 гектар жерге бақша егіп, одан мол өнім алу үшін 10,0 миллион теңгедей қаржы жұмсаған. Көктемде жерді тегістеп, дайындап, техника көмегімен жамылғы астына әр 20 сантиметрінде су тамшылайтын тесіктері бар диаметрі 15 сантиметрлік түтіктерді орналастырған. Жамылғы үстінен ойып, өздері өсіріп дайындаған қарбыз көшеттерін отырғызған. Шамамен әр гектар жерде 7,0 – 7,5 мың түп көшет бар. Минералды тыңайтқыш сумен қосып беріледі. Түтік арқылы барлық көшетке су бір мезгілде таратылады. Шамамен түтіктің әр тесігі арқылы су сағатына 1,0 –1,5 литрдей – ақ тамшылайды, көшеттің түбіне жетеді. Яғни тыңайтқыш пен ағын су он есеге үнемделеді. Қол күші де онша қажет емес. Барлық жердің суғару жұмысын екі су сорғы насосы арқылы бір адам атқарады. Шабық жүргізілмейді. Тек қарбыз сабағы жайылғанша қатар аралығы техника көмегімен қопсытылады. Техника көмегімен бүрку арқылы қосымша түрлі витаминдер беріледі. Барлық жердегі өскіндер бірқалыпты өсуде.
Өзінің атқарған жұмысына көңілі толып, биыл мол өнім алатынына сенімді болған диқан Талғат Қайназаров алдағы жылдары да егіс көлемін арттыра бермек. Бұл технологияның басқа да тиімді жолдарын айтып өткен диқан шаруалар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісінше жауап берді.
Семинарды қорытындылаған С. Ильясов іс-шараның маңыздылығына тоқталып, барлық ауылдық округтерде ағын суды үнемдеу технологиясын ендіруді көптеп қолға алу жөнінде тиісті мамандарға тапсырмалар берді.
Жаңабай СЕЙДУӘЛИЕВ