Мақта сабағының жапырағын дер кезінде сапалы әрі біркелкі түсіретін дефолианттарды тиімді қолданып, өнімді ысырапсыз, дер кезінде жинап алу өте маңызды. Сондықтанда ауа температурасы тым төмендеп кетпей тұрған уақытта дефолиация жасау жұмыстарын кешіктірмей жүргізген абзал. Жалпы мақта сабағының жапырағы түскен соң мақта көсектері алғашқы күндерден-ақ әдеттегіден 2 есе жылдам ашыла бастайды. Олардың негізгі бөлігі дефолиант қолданбаған егіске қарағанда 10-15 күн ерте ашылады. Себебі, жапырағынан арылған өсімдікке күн молынан түсіп, қыза бастайды. Мақтаның көсектері 20-25 пайыз ашылған кезде дефолиациялау жұмыстарын жасау маңызды. Мақта сабағының жапырақтарын көктей түсіруші жұмсақ және тез әсер етуші смерч-ураган химиялық препараттарын қолдану әдісімен мақта жапырағын және арамшөптерді қурату арқылы өнімді ерте жинап алуға көмектеседі.
Аталған химиялық препараттарда экстра 0,2 л/га және Агрон голд 0,2 л/га мөлшерінде болады. Соның әсерінен мақта жапырағының 90 пайызға дейін түсіп, көсектердің тез ашылуын қамтамасыз етеді.
Өңдеу жұмыстарын ҚР рұқсат етілген пестицидтермен (улы химикаттармен) тиімді және техникалық регла-менттерде сай белгіленген қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізу керектігін ескертеміз.
ҚР «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 14-1 бабының 1-тармағында тыйым салынған, қолдануға жарамсыз болып қалған пестицидтерді залалсыздандыру, бекітілген ережеге сай тиісті тәртіппен жүргізіледі.
Н.ОРАЗБАЕВ —
Шардара аудандық-аумақтық инспекциясы өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторы