Ұстаз деген абыройлы мамандықтың қадір-қасиетін ұғынып, әріптестері мен оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнатып, қазіргі заманғы оқу әдістерін терең меңгеріп, өзінің ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында әріптестерінің арасында үлкен беделге ие болып жүрген ұстаздардың бірі –
«Сырдария» жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекмұратов Әшімхан Жанайұлы.
Ол 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданы Мақталы кеңшарында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі Бекмұратов Жанай механизатор болып жұмыс істеген, анасы Бекмұратова Несібелі үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан. Әшімхан Жанайұлы 1978 жылы «Сырдария» жалпы орта мектебінде (бұрынғы «Восход» мектебінде) білім алып шығады. Мектепті бітіргеннен соң 1 жыл ауылда жұмысшы болып, 1979 жылы Шымкент қаласындағы Шымкент педагогикалық институтына түсіп, «Жалпы технологиялық пәндер және еңбекке баулу» мамандығы бойынша оқып бітіріп диплом алады.
Алғашқы еңбек жолын 1984 жылы «Сырдария» жалпы орта мектебіне «Еңбек» пәнінен мұғалім болып бастап, 2006 жылдан қазіргі таңға дейін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінде жемісті еңбек етіп келеді.
«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтпақшы,
Өзі білім алған ұлағатты ұстаздары Икрам Бекұлы, Алатай Бектан, Жақанов Нұрсағат, Маңқараев Әлиайдар сынды ұстаздарының жолын жалғастырған Әшімхан Жанайұлы бар күш-жігері мен қабілетін, іс-тәжірибесін шәкірттерін білім нәрімен сусындатуға арнап келеді.
Тәрбие ісі міндетін атқарған ол өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарап, оқушылардың құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша тәрбие сағаттарын, кәмелет жасқа толмаған бөлімінің инспекторларымен кездесу ұйымдастырып, жастарды тәрбиелеуде өз үлесін қосып келеді.
– Мектебімізде оқушылардың тәрбиесіне байланысты көптеген іс-шаралар өтеміз. 2023-2024 жылы атқарылған іс-шараларыма тоқталып өтсем, Шардара аудандық білім бөлімінің «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» науқаны аясында мектеп инспекторы Ш.Ибадуллаевтың қатысуымен «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтіп, онда тәрбие орынбасары Қ.Бұқарбаев «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында слайд бойынша түсіндірме жұмыстарын, Әлеуметтік педагог Ә.Суешов зиянды заттардан сақтану мен оның зардаптары жайлы оқушыларға түсіндіріп өтті. Ал мектептегі педагог-психолог Ж.Алтынбекова «Жүрек жылуы» тақырыбында тренинг өткізді. Сонымен қоса қазіргі таңда жастар арасында өзекті мәселелердің бірі «Жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесі», «Қыз баласы – ұлт тәрбиесі» тақырыптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады - дейді Әшімхан Жанайұлы.
Оның адамгершілік, ар-ұят, имандылық тақырыптарында өткен ашық сабақтары көпшіліктің көңілінен шығып, «Есірткісіз болашақ», «СПИД-ке қарсы күресейік!», «Құқықтық тәрбие – құқықтық мәдениетті жетілдірудің басты мақсаты», «Заңды білу – заман талабы» атты баяндамалары жоғары сынып оқушыларының арасында тыңдалды.
Қырық жылға жуық ұстаздық еткен Әшімхан Жанайұлы көптеген жетістіктерге жеткен. Ол Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы генерал-лейтенант Б.Ертаевтың шешімімен Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалімен марапатталды. Оңтүстік Қазақстан Облыстық білім департаментінің директоры Е.С.Сармановтың атынан Білім саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Сонымен қоса облыстық білім басқармасы және аудандық білім бөлімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
«Адам – ұрпағымен мың жасайды» демекші, бүгінде Әшімхан Бекмұратов жұбайы Нұржанова Әсия Мәмбетәліқызымен екі қыз, үш ұл тәрбиелеп, «ұлын ұяға, қызын қияға қондырған» ардақты әке. Он алты немересінің қызығын көріп отырған бақытты ата.
Аяжан СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ