Мемлекет тарапынан акваөсіруді субсидиялау балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде. Облыста жасанды жолмен балық өсіру саласының әлеуеті өте жоғары. Түркістан облысы бойынша тауарлы балық өсірумен 224 кәсіпкерлік субъектісі айналысады.
Балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. Осы ретте Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Ақжайық Хаметова, басқарма бөлімінің бас маманы Абай Сәдірқожа ауданда жаңадан ашылған балық шаруашылықтарына арнайы барып, шаруаларға мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін түсіндіріп, «Ауыл аманаты» жобасында шаруаларға қандай көмек көрсетілетінін айтып, субсидия алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
2023-2024 жылдарға облыс аумағындағы 110-ға жуық балық өсіру шаруашылықтары ашылып, жұмыстар атқарылуда. Бағдарлама бойынша биыл 7000 тонна тауарлы балық өсіру жоспарланып отыр. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1345 тонна балық өндірілді. Ал акваөсіру бойынша жергілікті бюджеттен 500,0 млн теңге қаралды.