ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Судағы қауіпсіздік ережелері

Төтенше жағдайлар
Жаз мезгілінде өзен, көлдердің жағасында уақыт өткізген жақсы. Жағажайда демалып қана қоймай, денсаулықты да нығайтуға болады. Суға шомылу, күннің көзіне қыздырыну адамды сергек етеді және жұмысқа қабілетін арттырады. Жаздың ыстық күндері денені салқындату үшін суға шомылатынымыз барлығымызға мәлім. Суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтамасақ, бақытсыз жағдайларға тап болуымыз да мүмкін. Суға түсу кезінде көбінесе балалар, ішімдік ішкен адамдар ғана емес, денсаулығы мықты жүзу білетін адамдар да қайғылы жағдайға тап болады. Ал мұндай жағдайда дер кезінде, тез және дұрыс шешім қабылдай білу керек.
Суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтай біліңіз:
- Суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз.
- Суға түсуге болмайтын белгіден аспаңыз, тыйым салынған жерлерге шомылмаңыз және суда жүрген моторлы кемелерге жақын жүзбеңіз. Бұл сіздің өміріңізге өте қауіпті!
- Ата-аналар балаларға қамқорлық жасап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау керек!
- Ішімдік ішкен жағдайда суға түсуге болмайды!
Тыйым салынады:
- Жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге, өйткені суға түсу кезінде қосымша қорқыныштар пайда болады;
- Қатты толқын кезінде суға түсу;
- Үлкендердің қарауынсыз балаларды суға шомылуға жібермеу;
- Камерадан басқа талапқа сай келмейтін құралдармен суға түспеу;
- Салқын суда ұзақ болмау, суда ұзақ болу денені салқындатады;
- Қауіпті жағдай туралы хабар естігенде суда болмау;
- Дәрігердің шешімінсіз су астына сүңгумен айналыспау.
Барлық балалар ережелерді есте сақтауы керек:
- Суға тек арнайы жерлерде түсу;
- Суға түсу кезінде кемелерге, басқа да жүзу құралдарына жақын бармау;
- Камерамен, тақтайлармен, басқа да жүзуге болмайтын құралдармен суға шомылуға болмайды, ескерту белгілері берілген кезде судан дер кезінде шығу;
- Таныс емес жерлерге, жағалауларға суға сүңгімеу;
- Су температурасы 18 градустан төмен болғанда суға түсуге болмайды.
- Суға сынған банкілерді, әйнектерді лақтыруға болмайды, олар суға түсушілерге қауіпті болады;
- Суда қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдаланбау;
- Суға тек қасыңда үлкен адамдар болғанда ғана шомылу керек.

Д. Тоқшабаев —
Шардара ауданы Төтенше
жағдайлар бөлімінің аға инженері
азаматтық қорғау майоры
Е. Қалмұратов —
Шардара қаласы
№4 өрт сөндіру бөлімінің
қарауыл бастығы азаматтық
қорғау аға лейтенанты
Made on
Tilda