XXXIII Жазғы Олимпиялық ойындар аяқталды. 16 күнге созылған спорт мерекесінде 205 елдің өкілдері жүздеген жүлдені сарапқа салды. Осыншама елдің тек 93-і ғана медаль ала алды. Қазақстан олимпияда-шылары 1 алтын, 3 күміс, 3 қоламен жалпы командалық есепте 43-орынға табан тіреді.
Төрт жылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды деп жоспарланған еді. Алайда теннисші Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Олимпиадаға қатыспады. Осылайша, Парижде 79 қазақстандық спортшы бақ сынады. Олар спорттың 25 түрінен жүлдеге таласты.
Олимпиада ойындарының бірінші күнінде Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов 60 келі салмақта сынға түсіп, дзюдодан Олимпиада чемпионы атанып, алтыннан алқа тақты.
Қазақ балуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті.
Осылайша, Елдос Сметов Олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен жазды. Олимпиаданың алғашқы күні ел қоржынына қола жүлде түскені де белгілі. Оны пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Ислам Сатпаев пен Александра Ле жұбы жеңіп алды. Сонымен қатар, Париж Олимпиадасында дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев 66 келі салмақта сайысқа түсіп, серб Страхиня Бунчичті жығып, қола медальды иеленді.
Бүкіл дүниежүзін өзіне қаратқан Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нариман Құрбанов күміс жүлдегер атанып, еліміздің абыройы тағы бір асқақтады. Нариман гимнастикадан ақтық кезеңде 15,433 ұпай жинап, екінші орын алды. Алтын жүлдені ирландиялық Рис МакЛенаган (15,533) жеңіп алса, қола медальді америкалық Стивен Недорошик (15,300) еншіледі. Осылайша, Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарында жүлде иеленген тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.
Сол сияқты Париж олимпиадасында бокстан Назым Қызайбай қола, грекрим күресінен 77 келі салмақта Демеу Жадыраев күміс, боксшы Нұрбек Оралбай күміс медальді иеленді.
«Шартарап-Шарайна» ақпарат