Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру және үй жануарларын оның ішінде (ит-мысықты) есепке алу бойынша және аусылға қарсы вакциналау жұмысы бойынша атқарылған жұмыстың қорытындысы.
Бірдейлендіру - өз жануарлары төлдеген кезде есепке алғызу, сырға салғызып құжаттандыру, сырғасы бүлінген немесе түсіп қалған болса қайта құжаттандыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына сәйкес, Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей бірдейлендірілуі тиіс:
• бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
• құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);
• тақ тұяқты жануарлардың төлі (есектер, қашырлар, пони, зебра, құлан және басқа жануарлар) – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);
• ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
• тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар – тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.
Сонымен қатар, барлық бірдейлендіру рәсімінен өткен ауыл шаруашылығы жануарлары дерекқор жүйесіне тіркеліп, жануарларға ветеринариялық паспорт беріледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор– диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор жүйесінің маңыздылығын айта кетсек, бұл:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету және оларды мемлекеттік есепке алу;
2) жануарлардың республика ішінде орнын ауыстыру, және оларды экспорттағанда немесе импорттағанда бақылау;
3) эпизоотияға қарсы, ветеринариялық алдын алу шараларының нақтылығын қамтамасыз ету;
4) жануарлар саны, жынысы, жасы, орналасқан мекені және жануардың иесі кім екендігі туралы толық мәліметті алатын ақпараттық жүйе.
Ветеринариялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында, мал иелері «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабына сәйкес, жергілікті ветеринарлар арқылы өз иелігіндегі ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруге, жануарларына уақтылы вакцина егуге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге міндетті. Мал ұстайтын жеке және заңды тұлғалар, малдарыңызды неше түрлі жұқпалы аурулардан сақтау үшін малдарыңызды бірдейлендірудің аса маңыздылығын ұмытпайық. Сонымен қатар бірдейлендіру бойынша қала және ауылдық округтер бойынша қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтқанда Шардара қаласы, Қ.Тұрысбеков, Көксу, Ұзын ата, Алатау батыр, Қызылқұм, Сүткент,Жаушықұм, Ақшеңгелді және Достық ауылдық округі.