Наурыз айының 28-31 күндері аралығында Алматы қаласында найза лақтырудан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған тартысты додада еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар қатысып, спортшыларымыз 3 алтын, 1күміс, 2 қола алқаларды иемденді. Жетістікке жеткен спортшымыз бен жаттықтырушымызды жеңістерімен құттықтай келе, алдағы әлем деңгейдегі жарыстарда жеңіс тұғырынан көріне берулерін тілейміз!