ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Антивирустық қауіпсіздік

Оқушыларға қазіргі заманауи үлгіде білім беру өте маңызды. Соңғы жылдары, әсіресе, цифрлық сауаттылықты арттыру, компьютермен жұмыс жасау қарқынды түрде қолға алына бастады. Тиісінше, мектеп бағдарламасында информатика пәнінен сабақ та күрделіленіп, түрлі программаларды оқушыларға үйрету жолға қойылды.
№12 жалпы білім беретін мектептің 7 «а» сыныбына «Антивирустық қауіпсіздік» тақырыбында ашық сабақ өттім.
Компьютермен жұмыс жасаған уақытта вирустармен күресу үшін «Антивирустар» деп аталатын арнайы бағдарламалар бар. (Antivirus software) — компьютер бағдарламаларына зақым келтіретін вирустарды табатын әрі олардың кері әсерін (залалын) жоятын бағдарлама. Егер вирус жойылмаса, онда зақымданған программа жұмыс істей алмайды. Сондықтан зақымданған программаны өшіріп тастау керек.
Сабақ барысында «3 Қ» әдісімен ынтымақтастық атмосферасын құрдым. Ойынға шыққан оқушыларды принтер әдісімен «Kaspersky» және «Avast» деп аталатын екі топқа топтастырып, «Wordwall» платформасымен үй тапсырмасын пысықтап алдым. Жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін, «Фиксики» мульттоптамасынан үзінді көрсетіп, балаларды қызықтырып жаңа сабақты түсіндірдім.
Сабақ барысында «Wordwall» платформасымен тест шешіп, топтық жұмыспен «Өз ойыңмен бөліс» әдісі арқылы оқушылар компьютерлік вирустардың жіктелуін, әр қайсысының қызметін топпен жіктеп айтты. «Сипаттама бер» әдісімен жұптық жұмыс жасап, берілген суреттердің атауы мен қызметіне сипаттама берді. Сабақтың оқушыларға ең ұнайтын тұсы – сергіту сәтінде «Менің бейнемді тап» ойынына барлық оқушылар қатысып, бір-біріне қайсы оқушы түссе, сол оқушыны бейнелеп берді.
«Бинго» әдісі арқылы оқушылар вирустардың топқа бөлінуін, антивирустық программалардың түрлерін, вирусқа қарсы антивирустардың жіктелуі, вирустан қорғану тәсілдері, компьютерлік вирустың тарихын айтып берді.
«Шамдар әдісі» арқылы оқушылармен кері байланыс жасап, өздері қолданатын компьютерге немесе ұялы телефонға қандай вирусқа қарсы программа орнатылғанын, антивирустық программалардың басқа да компьютерлік программалардан қандай ерекшеліктері барлығын, компьютерлік вирус пен ұялы телефондағы вирустардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайлы ақпараттарды білді. Сабаққа Оңалбек Нұрхан, Құдайберген Ақмейір, Нұртаза Сырым, Омар Мұхит,Тастемір Олжас, Мутал Ақмарал, Тұрған Нұрай, Мұқан Нұрай, Амандық Нұрболат, Сах Назым, Аханби Сәния, Пайзулла Дәуіт сынды барлық оқушылар белсенді қатысты.
Үй тапсырмасына интернетті пайдаланып, зерттеу жүргізуді, тапсырмалар негізінде жасалған түйіндерді дәптерге жазып келуді тапсырдым.
Сабаққа қатысқан басшылар, мұғалімдер сабақты жоғары деңгейде өтті деп бағалады.
НҰРАЛЫҚЫЗЫ Лаура –
№12 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі
Made on
Tilda