АУДАН ӘКІМІ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
9.02.2024
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шығарылғанына 35 жыл толып отыр.
Осыған орай аудан әкімі Арман Қарсыбаев ауған жерінде халықаралық әскери борышын өтеп келген жерлестеріміз — аудандық «Ауған соғысы ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымының төрағасы, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Жұмалиев Мырзахан Әмірханұлы және ауған соғысы ардагерлері Байбосынов Мұстафа Қалдыбекұлы, Әшім Мұхтар Жақсылықұлы, Сәтбаев Қылыш, Жақсылықов Мырзакелді Жақсылықұлын қабылдады.

– Сіздер өмірлеріңіздің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шақтарыңызды оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралған жауынгерлерсіздер. Сіздердің өлшеусіз ерліктеріңіз бен отансүйгіштіктеріңіз жас ұрпаққа өнеге. Ауданымызда өздеріңіздей батыр ағаларымыздың барын мақтан тұтамыз!- деді аудан әкімі.


Қабылдауда болған аудандық «Ауған соғысы ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымының төрағасы М.Жұмалиев аудан басшысына Ауған соғысы ардагерлерінің атынан ыстық лебіз білдіріп, ел тыныштығы мен бейбіт өмір тіледі. Шара соңында аудан басшысы ардагерлерге «Алғыс хаттар» мен бағалы сыйлықтар табыстады.
«Шартарап–Шарайна»–ақпарат
Made on
Tilda