ШАРТАРАП ШАРАЙНА

Өнер мектебі - шығармашылық ордасы

Мәдениет
“IQUP ALMATY” білім беру орталығы даярлық сыныптары мен мектеп оқушылары арасында 6 шілде - Елорда күніне орай Республикалық “Отанды сүю - отбасынан басталады” атты онлайн форматта байқау өтетіндігін хабарлаған болатын. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі дарынды оқушылар байқауға қатысты. Сонымен қатар “Шардара аудандық ұлттық спорт және өнер клубы” КММ-нің оқушылары да сайысқа қатысып, бақ сынады. Аспапта ойнау жанрында домбыра аспабынан жалпы 12 оқушы, гитара аспабынан 4 оқушы қатысты. Атап айтар болсақ, домбыра аспабынан: Ермахан Айша, Керімбек Зере, Керімбек Тоғжан, Мәлікайдар Айзере, Мылтықбай Мәншүк, Алмасұлы Ақылжан, Мылтықбай Кәусар, Тұрғанбек Зарина, Сұлтанхан Бірғаным, Арзи Айару, Арзиева Жанна, Рысмаханбет Айару, гитара аспабынан: Бибосынұлы Ернат, Тригубова Дарья, Қанжарбай Хасен және Құрбантай Олжас бақ сынады. Нәтижесінде сайысқа қатысқан оқушыларымыздың барлығы жүлделі орындарға ие болды.
“Шардара аудандық ұлттық спорт және өнер клубы” мекемесінің оқу-ісі жөніндегі орынбасары Б.Аманов оқушыларымыз бен олардың ұстаздарына ізгі ниетін білдіріп, өнер жолында шығармашылық табыстар тіледі.
Барша жүлделі орындарға ие болған оқушыларымызды және үздік ұстаздары Пирназаров Мубасирхан, Қанжігітова Ұлдар және Байбахова Кенжеқызды құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз.

Мөлдір ПАЗЫЛБЕК– “Шардара аудандық ұлттық спорт және өнер клубы”
КММ-нің хатшысы
Made on
Tilda