ШАРТАРАП ШАРАЙНА

МОШҚАЛОВА Ботакөз Тағайқызы – «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының Бас төрайымы:

Мәдениет
Қымбатты аналар! Біздің «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылуына себепкер болған еліміздің Президентінің бастамасы болса, оны жалғастырушы қазақтың қызы Айнұр Жүгінісова көптің ішінен шығып, еліміздегі бар қазақтың аналарының қадір-қасиеті мен олардың бойындағы рухани құндылықтарын жарыққа шығару үшін үлкен бағдарлама жасады. Міне, сол бағдарламаның нәтижесінде жаңа Зәмзагүл айтқандай бір ғана қазақ елі емес, бүкіл қазақ халқы өмір сүріп жатқан шет елдерде де ашылып, сұранысқа түсіп жатқанын есіттіңіздер.
Міне, бүгін сол Айнұрдың бастамасы бойынша осы өңірде, оның ішінде Шардараға келіп отырмыз. Бұл аудан кішкентай ғана болғанымен мұнда қазақ аналарының құндылықтары сақталған. Оған бүгін өзіміз де көзімізді жеткізіп, куә болып отырмыз. Сіздердің мынау отырған келбеттеріңіз, көріністеріңіз, бойларыңыздағы ата-бабадан қалған өнердің қаншалықты екенін көріп, қуанып отырмыз. Осында отырған барлық ақ жаулықты аналар киген киелі кимешектеріңіз арқылы біз адами құндылықтарды жоғары көтеру біздің мақсатымыз. Кеңестік кезеңде елімізге өзге ұлттардың келуіне байланысты қазақ халқының салт-дәстүріне әдет-ғұрпына біраз өзгерістер еніп кетті.
Солақай саясат кезінде бір ұлттың жойылуы үшін оның алдымен мәдениетін жою керек болды. Бірақ біздің рухани мәдениетімізді жоюға қанша әрекет жасалғанымен қарияларымыздың арқасында барлық құндылықтарымыз сақталып қалып, енді жалғастырып жатырмыз.
«Жұрт біздің қазақ екенімізді сыртқы келбетімізден тануы үшін ұлттық киіміміз бен тілімізді бірінші кезекте түзетуіміз керек. Осыған баршамыз атсалыса жүрейік!
Made on
Tilda