Байқау сахналары әртүрлі болады. Бірі — мыңдаған шамдар жарқыраған алып ареналар, жанкүйерлердің қызу қолдауы мен миллиондаған көрерменді баураған тікелей эфир. Екіншісі — кәсіби қазылар әрбір нотаны мұқият талдайтын академиялық орталар. Ал үшіншісі — толқын үстінде тербелген сахна, жан-жағында тек көкжиек пен күннің батуы ғана көрінетін кеңістік. Voice of the Sea — дәл осындай ерекше байқау.
Бұл шоу-бизнеске тән дәстүрлі жарыстардан өзгеше. Мұнда алдын ала белгіленген фавориттер жоқ, жарнамалық науқандар жүргізілмейді, жанкүйерлер армиясы жеңісті анықтамайды. Тек дауыс, сахна және дәл осы сәтте шешілетін тағдыр бар. Ал биылғы жеңіс қазақстандық әнші Жібек Мусалдаеваға (Instagram: @zhibagul) бұйырды.
Күтпеген, бірақ лайықты жеңіс
Жібектің есімі көпшілікке беймәлім болғанымен, бұл кештен кейін оны ұмыту мүмкін емес еді. Оның орындауында шынайылық, тереңдік, мінсіздік бар. Мұндай әсерді тіпті тәжірибелі әртістер де сирек қалдырады. Бірақ оның қарсыластары да осал емес еді. Байқауға сахнада жылдар бойы өнер көрсетіп, тыңдарманмен байланыс орнатуды меңгерген кәсіби орындаушылар жиналды. Дегенмен, соңғы шешімді халық жасады.
Лайнердегі байқаулардың ерекшелігі — мұнда атақ-даңқтың, танымалдылықтың маңызы жоқ. Көрермендер алдын ала сүйікті әртісін қолдау үшін келмейді. Жеңіс — сол сәтте, сол сахнада шешіледі. Дауысы жүрекке жеткен, эмоцияны дәл жеткізген, залды өзімен бірге тербете алған өнерпаз ғана жеңіске жетеді. Көпшіліктің таңдауы — шынайы ықыластың көрінісі. Бұл орындаушыны жиі естігендіктен емес, оны ұмыту мүмкін болмағандықтан таңдалған дауыс.
Қазақстан бұл байқауда бұған дейін тек бір рет жеңіске жеткен еді — 2019 жылы Максим Ержан үздік атанған. Енді бұл тізімге Жібек Мусалдаева да қосылды.
Арманын кейінге қалдырмаған жан
Жібек – үш баланың анасы. Күнделікті тіршілік қамы, бітпейтін үй шаруасы, анаға тән жауапкершілік оның үлкен сахнаға шығуына кедергі болуы мүмкін еді. Бірақ ол арманын кейінге қалдырмай, батыл қадам жасады. Өзін дәлелдеп, соңына дейін күресіп, жеңіске жетті.
Осыған дейін оның есімі көпке таныс болмағанымен, көрермендердің әсеріне қарағанда, ол әлдеқашан үлкен сахнаға лайық болатын.
Voice of the Sea байқауындағы жеңіс – жай ғана атақ емес. Бұл – үлкен сахнаға жолдама да, әлемдік студиямен келісімшарт та емес. Бірақ бұл – белгі. Тыңдарман оның өмірбаянын білмесе де, шығармашылық жолын бақыламаса да, дауысын алғаш естіген сәтте-ақ таңдау жасады. Демек, бұл дауыста шынымен де ерекше қасиет бар. Ол – жүрекке жететін, есте қалатын, жанды тербететін дауыс.