Өнер – адамның жанын байытып, рухани әлемін кеңейтетін киелі құбылыс. Сол өнердің ішіндегі ең әсемі әрі ерекше тәрбие құралы – би өнері. Би – тек дене қимылдарының үйлесімі ғана емес, ұжымдық жұмысқа баулитын, тәртіпке, төзімділікке тәрбиелейтін өнердің бір саласы. Мен, "Нұрай" би үйірмесінің жетекшісі ретінде жиырма жылға жуық уақыт жас ұрпақты өнерге баулып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолында еңбек етіп келемін.
Би – тек дене сымбатын қалыптастыру ғана емес, ол – ішкі жан дүниені тәрбиелейтін өнер. Би арқылы қыздар әсемдікке құштар болып, өнерге деген сүйіспеншілігін арттырады. Сабақ барысында оқушылар сахна мәдениетін меңгеріп, өз ойын қимыл арқылы жеткізе білуді үйренеді. Сондай-ақ, би қыз балаларды тәртіпке, табандылыққа, ұжымда жұмыс істей білуге баулиды.
Менің мақсатым – би үйірмесіне келген әрбір оқушының бойындағы талантты ашып, шығармашылық қабілетін дамыту. Әр сабақта би қимылдарын үйретумен қатар, оқушыларға сахнада өздерін еркін ұстауды, көрерменмен байланыс орнатуды үйретемін. Балалардың өзіне деген сенімін арттыру – менің басты міндеттерімнің бірі.
Жуырда Шардара аудандық Мәдениет сарайында өткен "Ақ шағала" би фестивалі – біз үшін ерекше қуанышты сәттердің бірі болды. Бұл байқау – аудан көлеміндегі ең ауқымды мәдени шаралардың бірі. Фестивальге 12 мектептен ең үздік би топтары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Әрбір ұжымның дайындығы жоғары деңгейде екенін сахнадағы орындауларынан-ақ аңғаруға болатын. Дегенмен, шәкірттерімнің тынымсыз еңбегі мен сахнада өзіндік ерекшелігімен көзге түскен "Нұрай" би тобы бұл байқауда I орынды жеңіп алып, мектебіміздің мерейін асқақтатты.
Бұл жеңіс – оқушылардың қажырлы еңбегі мен би өнеріне деген шынайы сүйіспеншілігінің нәтижесі. Әрбір қатысушымыз фестивальдің көркін қыздырып, сахнада өз рөлін асқан жауапкершілікпен орындады. Шәкірттерім Алхамадтин Інжу, Аллаберді Әсем, Бектен Жанерке, Даулетбай Аяла, Мұздақбай Нұрдана, Мельдбек Кәусар,Орынбасар Аружан, Серікбай Сезім,Серғали Айзере, Ислам Айару, Ходжабай Қарақат, Ұзақбай Аякөз сынды дарынды оқушылар өздерінің өнерге деген сүйіспеншілігін, жауапкершілігін және табандылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Бұл жетістікке жетуде ата-аналардың қолдауының маңызы зор. Әрбір ата-ана баласының өнерге деген ынтасын қолдап, бізбен бірлесе жұмыс жасады. Олардың қолдауы мен сенімі бізге жаңа белестерді бағындыруға күш береді.
"Нұрай" би тобы бұған дейін де көптеген аудандық, облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Алдағы уақытта да шәкірттерімнің өнерін шыңдап, жаңа белестерді бағындыруға бар күшімді саламын. "Ақ шағала" би фестиваліндегі жеңіс – біз үшін тек бастамасы ғана. Барлық шәкірттерімді осы үлкен жеңіспен құттықтаймын! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, би өнерінің сұлулығын паш ете берейік
ЖАКИПОВА Ақерке Қыдырмуратқызы –«Қазақстан» ЖББМ «Нұрай» би тобының жетекшісі!