Қазақстандықтар 6 шілдеде Астана күні – Астана қаласының күнін тойлайды. Елорданы қазіргі Астанаға көшірудің ресми күні 1997 жылғы 10 желтоқсан болып саналады. Алғашында Қазақстанда Астана күні 10 маусымда тойланды. 1994 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесі ел астана-сын Ақмолаға көшіру туралы қаулы қабылдауына байланысты қала күні 2006 жылы 6 шілдеге ауыстырылды. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңда Астана күніне мемлекет-тік мереке мәртебесі берілген. Осыған байланысты бұл күн жұмыс істемейтін күн болып табылады және тек Астана қаласында ғана емес, бүкіл республика бойынша аталып өтеді.
Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздің бас қаласының шежіресі тәуелсіз Қазақстанның тарихымен тығыз астасып жатыр. Бүгінде Астана – әрбір азамат өз әлеуетін іске асыра алатын, мансап құрып, өз ойлары мен армандарын жүзеге асыра алатын зор мүмкіндіктер қаласы. Сонымен қатар, Астана әлемнің басты «бейбітшілік орталықтары-ның», күрделі халықаралық үдерістер мен қақтығыстарды талқылау және бейбіт реттеу алаңдарының бірі ретінде күшті халықаралық беделге ие болды. Елордада ұстанымдары мен мүдделері мүлде бөлек елдер диалог орнатып, өзара түсіністіктің жолын табуда. Осылайша, Астана бүгінде ірі астаналармен қатар жаһандық экономикалық вектор ығысып жатқан Азияның қарқынды дамып келе жатқан перспективалы аймағындағы әлемдік геосаясаттың орталығы болып табылады.
Жыл өткен сайын Астана шырайланып, көркейе түсті. Ондағы салынған «Бәйтерек мұнарасы», «Әзірет – Сұлтан мешіті», «Бекіре көпірі», «Ұлт-тық музей», «Хан шатыр», «Бейбітшілік пен келісім сарайы», «Қазақ ұлттық өнер университе-ті» қаланың сәулетін келтірді. Оларды тек еліміздің ғана емес өзге елден келген қонақтар да тамсанып, тамашалайды.
Жақсыны көруге жаны құмар шардаралықтар да Астанада жиі болады. Аудан әкімінің қолдауы-мен аудан ардагерлері Астанаға бірнеше рет сапарлап барып, тамашалап қайтты. Бүкіл әлемді тамсандырған «ЭКСПО – 1917» көрмесін мыңда-ған адамдармен бірге аралады. Ол жайлы ардагер-лер сағаттап алған әсерлерін айтып жүр.
Астана қаласының осындай астана мәртебесіне жетуінде әрбір қазақстандықтың үлесі бар. Сондықтан бұл мереке баршаға ортақ мереке болғандықтан бүкіл республика көлемінде аталып өтуде.
«Шартарап-Шарайна»-ақпарат