Ұлттық киімдер – халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен мәдениетінің айнасы. Оларда қазақ халқының тұрмыс-салты, табиғатқа, жануарлар мен өсімдіктерге деген көзқарасы байқалады.
Мысалы, қазақтың ер адамдарының киімдерінде көбінесе тыныштық пен еркіндіктің белгісі – кең, жеңіл киімдер қолданылған. Ал әйелдер киімінде нәзіктік, әсемдік, сондай-ақ үй шаруашылығына бейімделген ерекше элементтер бар.
Ұлттық киімнің әрбір бөлігі терең мағынаға ие. Көйлек, камзол, белдемше – бәрі халқымыздың тарихы мен мәдениетінен сыр шертеді, әрбір өрнегі ата-бабамыздың қолөнерін, шеберлігін көрсетеді.
Киімдердің әшекейлері – тек сән емес, олар көбінесе белгі мен тарихтың бір бөлігі. Мысалы, қазақтың ұлттық киімдеріндегі алтын түсті оюлар мен өрнектер байлық пен дәулетті білдіреді. Ал кейбір оюлар қазақтың дәстүрлерін, халықтың табысқа жету жолдарын, тіпті рухани әлемін бейнелейді.
Аудандық «Қасиет» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ұлттық киім апталығы аясында орталықтың қолөнер маманы, тігінші Наргиза Сайдакбарованың өткізген «Ұлттық киім – ұлт бейнесі» тақырыбындағы дефиле көрсетілімінде қазақтың ұлттық киімдері жайлы кеңінен танысуға мүмкіндік туды. Шебердің қолынан шыққан, жас баладан еңкейген аналарға дейінгілерге арналып, әр түрлі матадан тігілген киім үлгілерін насихаттау барысындағы бұл шараны орталық басшысының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Бақтыбай Исмайылов қысқаша құттықтау сөзімен ашып берді.
Дефиле көрсетілімінде шебер тігінші Дауылбаева Ақмарал Шаншарқызы ұлттық киімдердің сипаттамасын көпшілікке түсіндіріп, аудандық Аналар кеңесінің, «Мейірім» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Зейнеділова Ұлдықыз Жәлелқызы және аудандық «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Кошекеева Бибігүл Тасқұлқызы қазақтың ұлттық киімдері мен салт-дәстүрлері туралы айтып берді.
Сол сияқты кішкентай қыздың құлағын тесіп, сырға тағу дәстүрі бойынша Болсынай Ағманова және қызға бір бұрым шаш өру, шашбау тағу, шолпы тағу дәстүрі бойынша Тасбике Серікова көріністер көрсетті.
Аудандық «Саз» мектебінің өнерпаздары домбыра, қобызбен «Ерке сылқым», «Балбырауын» күйлерін, әнші Нұржан Жығалиев «Дедім-ай-ау» әнін орындады. Сонымен қатар орталықтан қызмет алушыларға сыйлықтар табысталды.
Шебер тігінші Наргиза Сайдакбарованың ұлттық киімдерден дефиле көрсетілімі біздің бай тарихымызды, мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді жаңғыртқан керемет іс-шара болды. Осы ұлттық киімдеріміз арқылы өзіміздің тарихымызға оралып, ұлтымыздың бай мұрасын сақтай алатынымызға сенімді болдық.
Жаңабай ӘЛІҚҰЛҰЛЫ.