Аудандық саз мектебінде «Айтыс – сөз өнері» танымдық сабағы өтті. Онда мектептің терме-ән сыныбының мұғалімдері Тамара Раушанова мен Айдарбек Шырынбеков, дәстүрлі ән сыныбының мұғалімі Ақерке Мамыр айтыс – халық ауыз әдебиетінің ең мол да ерекше саласы екендігін, саны мен сапасы жағынан да ерекше орын алатындығын және айтыстың бірнеше түрі бар екендігіне тоқталып өтті. Сонымен қатар ұстаздар «Бәдік айтысы», «Жар-жар», «Жұмбақ айтыс», «Қыз бен жігіт айтысы» жөнінде жеке-жеке түсіндіріп, «Омарқұл мен Тәбияның», «Біржан мен Сараның» және «Жамбыл мен Салиханың» айтыстарынан үзінділер келтірді.
Танымдық сабаққа қонақ ретінде шақырылған аудандық мәдениет сарайының жастармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, әнші, жыршы, термеші Сәкен Бегманов та айтыс жанрының ең көлемді де көркем түрі – салт айтысы, оның «Қыз бен жігіт айтысы» және «Ақындар айтысы» болып бөлінетіндігін, сонымен қатар қазіргі таңда тақырып бойынша, немесе белгілі бір тұлғаның мерейтойына арналып та айтыстар өтіп жатқанын айтып өтті. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында Шардара ауданында да әр совхоздың жазба ақындары Уәли Исахов, Камал Ендібаев, Қаныбек Сарыбаев пен Санақ Дәкебаевтар бір-бірімен айтысқа шығып, өз совхоздарындағы жетістіктерін мадақтап, жеткізіп, қарсылас жақтың кемшіліктерін мінеп, сынап отырған. Бұл кемшіліктердің түзетіліп, жолға қойылуына көп ықпалын тигізген.
Танымдық сабақта ұстаздар мен қонақтар Аңсар Сырымұлы, Әшім Бекболат Арайұлы, Ережеп Асылжан Ержанұлы секілді оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, олардың орындауындағы ән, термелерді тыңдады.
Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ