Аман Төлеев – танымал саясаткер және мемлекеттік тұлға. Мен Қазақстан Республикасының азаматы болғаныммен менің туған жерім – кіші отаным Кемерово облысының Ленинск-Кузнецк қаласы.
Мен, Аман Молдағазыұлымен әріптес болдым. Мәскеудегі Қоғамдық ғылымдар Академиясын бірге бітірдік. Аманның 50 жылдық мерейтойына қатыстым. Губернатор болып сайланған уақытында инагурациясына қатыстым.
Аманның мерейтойында оған деген ыстық ықыласымды өлеңмен жеткізген болатынмын.
Ассалаумағалейкүм, Амангелдім,
Перзенті күні шуақ ғажап елдің,
Өзіңнің құшағыңдай кең даламның
Сағынышты сәлемін ала келдім.
Жолдас боп жүрмін көп жыл қатарыңда,
Мақтанамыз абырой-атағыңа!
Адайдың алдына кеп сәлем бермей,
Құдайдың қала алмаймын қаһарына.
Өзіңді ер азамат демейді кім?
Иншалла, достарың көп демейтұғын!
Тойлаған екінші рет жиырма бесті,
Бүгінгі құтты болсын мерейлі күн!
Бірге оқып, бірге өссе де өзімізбен,
Биік тұр Аман мырза көбімізден.
Халық үшін от пен суға түсуге әзір,
Ерлігін көріп жүрміз көзімізбен.
Өр қазақ, Ер Науан мен Кенедейін,
Иә туар, иә тумас сенен кейін.
Ісің әділ, құрыштай сөзің берік,
Шпалға қаққан болат шегедейін.
Тыңнан жол сап, қиынға бастап көшті,
Айқаста елің танып, даңқың өсті.
Айнымас достарыңды жиып алып,
Осылай қайталай бер жиырма бесті!
Өзім жеке танитын жұбайы Эльвира Федоровнаға, туған туыстарына, Кузбасс жұртшылығына ауыр қайғыға ортақтасып жеделхат жолдаған болатынмын.
Енді міне, әкесінің жатқан жері Шардараға жол тартып жылдық асына қатысып қайтуға ниет еттім.
Марқұм досымның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
Біз сенің жарқын бейнеңді, ешқашан да ұмытпаймыз!
Боранбай СКАКОВ —
Ішкі істер органдарының ардагері,
Павлодар облысының құрметті азаматы