Сонымен қатар Шардара спортшылары да 2024 жылды үздік жетістіктерімен қорытындылады.
Жалпы айтқанда ауданның әрбір жетістіктерінде шардаралықтардың қомақты үлесі бар.
Шардаралықтар Жаңа Жылан жылын жылдағы дәстүр бойынша «Алты алаш» алаңында қарсы алды.
Аяз ата мен Ақша қар алаңға Жылан жылын ертіп келіп жиналғандарды Жаңа жылмен құттықтап, өз тілектерін айтқаннан кейін сахнаға шыққан аудан әкімі Арман Қарсыбаев:
– Құрметті шардаралықтар мен қала қонақтары! Сіздерді Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! 2024 жыл еліміз үшін, оның ішінде ауданымыз үшін де жетістіктер жылы болды. Тұрғындар баспаналы болып, жаңа мектептер салынып жатыр. Канализация мен газ жүйелері істелінді. Қала мен ауыл абаттандырылып жатыр. Диқан мен шаруаларымыз да көп жұмыс атқарды. Мәдениет және спорт саласы қызметкерлерінің де жеңістерін атап өткім келеді. Алда 2025 жылы да ауданымызды өркендетіп, дамыту үшін көптеген жұмыстар күтіп тұр. Ол жұмыстарды да сіздермен бірге еңсереміз деген сенімдемін, – деген аудан басшысы аудан халқына мол жетістіктер мен отбасыларына амандық, дендеріне саулық тіледі.
Сонымен қатар 2024 жылдың «Жыл үздіктерін» марапаттады.
Алпысов Анапия Хожахметұлы «Жылдың үздік құрылысшысы», Икрамбай Эльвира Мейрамханқызы «Жылдың үздік мәдениет қызметкері», Жиенбаева Сапаркүл Зәбиқызы басқаратын «Оқушылар үйі» мекемесі «Жылдың үздік білім беру мекемесі», Князбаева Жеңіскүл Әмірбайқызы «Жылдың үздік қосымша білім беру педагогі», Қияшбаев Руслан Кәрімұлы «Жылдың үздік инвесторы», Сәтбаев Абай Қылышбайұлы «Жылдың үздік құтқарушысы», Сартбаев Дулат Жұмагелдіұлы «Жылдың үздік орманшысы», Таласов Бақытжан Амангелдіұлы «Жылдың үздік қоғам белсендісі», Күзембай Бекайдар Жақсыбайұлы «Жылдың үздік қаржыгері», Ульяхунов Шухрат Қасымжанұлы «Жылдың үздік IТ маманы», Қалқаман Жалғас Жомартұлы «Жылдың үздік жаттықтырушысы», Қуаныш Ерасыл Жаңабайұлы «Жылдың үздік спортшысы», Күлшаева Ақмарал Әбдіхалыққызы «Жылдың үздік коммуникация қызметкері», «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық бағдарламасы аясында тазалық жұмыстарына белсене қатысып, өз үлесін қосқаны үшін әл-Фараби көшесі №16 көпқабатты тұрғын үйдің төрайымы Қалжігітова Раушан Баянқызы «Жылдың үздік таза ауласы» (2025 жылы салынатын балалар ойын алаңшасының сертификаты бірге табысталды), А.Байтұрсынов көшесі (төрағасы Байырбек Бекжан Сабырұлы) «Жылдың үздік көшесі», Айдаров Әбдіғаппар Әбубәкірұлы «Жылдың үздік ақыны», Үрістемов Ербол Таңжарұлы «Жылдың үздік әншісі», Тілеуімбетов Шынболат Базарбайұлы «Жылдың үздік жас белсендісі», Төлемісова Нұрсұлу Тағабайқызы «Жылдың үздік есепшісі», Егембердиев Қуаныш Арқарбекұлы «Жылдың үздік ұстазы», Баянова Гүлнара Олжабайқызы «Жылдың үздік тәрбиешісі», Әділбеков Аян Сұлтанұлы «Жылдың үздік дәрігері», Сүттібаева Сәуле Ешенқұлқызы «Жылдың үздік мейірбикесі», Қосанов Баспай Бехланұлы «Жылдың үздік энергетигі», Есбосынова Буажар Әлметқызы «Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері», Әлімов Тасанбай Алхарұлы «Жылдың үздік мал дәрігері», Сабыров Мұхтар Құттыбайұлы «Жылдың үздік кәсіпкері», Құлманов Төлеби Сапарғалиұлы «Жылдың үздік полицейі» атанды.
Жаңа Жылды қарсы алу кешінде Қазақстан эстрадасының жұлдызы, әнші Бауыржан Исаев, Шымкенттен келген әнші Диана Хашимханқызы, аудандық мәдениет сарайының әншілері Ермек Тілеуқабылов, Ербол Таңжарұлы, Бақберген Омаров, Нұржан Жығалиев, Әділғазы Ибрагимов, Айдар Әлмұрат, Ахмет Молдағұловтар тамылжыта ән салды.
Мереке соңы би кешіне жалғасты.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ