ШАРТАРАП ШАРАЙНА

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНДА

Мәдениет
Жуырда Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Шардара ауданының мәдениет күндері өтті. Облыс әкімдігінің қол-дауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өтетін фес-тивальдің басты мақсаты – мәдениет пен өнері-мізді дамытуға, өскелең ұрпаққа ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды дәріптеуге, сонымен қатар Түркістанның туристік әлеуетін арттыруға бағытталған.
Шараның алғашқы күні Этноауыл аумағында ауданымыздың мақтанышы «Шардара-Арм-спорт» клубының тарихы және ауданнан шыққан үздік спортшылардың жетістіктерінен сыр шер-тетін «Шардара чемпиондары» және Шардара аудандық өлкетану мұражайының «Сыр шерткен Сырдың қойнауы» атты көшпелі көрмесі, қолөнер, қылқалам шеберлерінің, дәстүрлі тоқыма бұйым-дар көрмесі жасақталды. Сондай ақ, жүннен бұйымдар жасау технологиясының және кілем, сырмақ, өрмек тоқу, жүн бояу және киіз басу, текеметке өрнек салу (ақ киіз), жүн түту, сабау, шүйке жасау, ұршық иіру тәсілдерінен шеберлік сағаты өтті. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Күні бойы қала қонақтарына қазақ салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру мақ-сатында көріністер қойылып, Ұлттық тағамдар көрмесін көпшілікке ұсынды. «Дәстүр тағылы-мы» тақырыбында сал-серілер, жыр, терме, күй, халықтық фольклор өнерінің шеруі және ұлттық дәстүрлер қойылымдары сахналанды. Күн соңын-да «Халық әні – қазынам» атауымен «Мерей» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.
Сонымен қатар, Шардара ауданының мәдени күндері аясында жастардың танымдық қабілетін арттыруға, интеллектуалды, еркін ойлай алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу мақсатында «Ой мен ойын» интеллектуалды сайысы өтті.
Келесі күні ұлттық спорттық ойын түрлерінен, атап айтсақ, қошқар көтеру, алыптар сайысы, асық ату, ләңгі тебу, садақ ату, қазақ күресі сын-ды т.б түрлі ойындардан жарыстар өткізілді. Ойын жеңімпаздарына сый-лық-тар берілді.
Сонымен қатар «Туған жерім Шардара, шаттық мекенім» атты кітап көрмесі жасақталып, «Ақ әжелер» халық ансамблі өнер көрсетті.
Кешке «Керуен Сарай» туристік ор-талық алаңында «Жайнай бер, шаға-лалы Шардара» тақырыбымен аудан өнерпаздары мен танымал эстрада жұлдыздарымен бірлесіп өткен гала-концертке аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев арнайы қатысып, келген көрерменге алғысын білдірді.
Мерекелік концерт Шардара тари-хы суреттелген қойылыммен баста-лып, ән-күймен жалғасты. Кештің арнайы қонағы шардаралық Сырымбет Бибосынов өнер көрсетіп, кеш бел-сенділеріне сыйлықтар ұсынды. Түркістанда Шардара ауданының мә-дени күндері өз мәресіне жетті. «Өнер-лі өлке» атты облыстық өнер фестивалі аясында ұйымдастырылған іс-шара қатарынан екі күн бойы қала тұрғын-дары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының баспасөз қызметі
Made on
Tilda