Шардара аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 12.11.2024 жылы "Арайлым" бөбекжай-бақшасының базасында "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында ұлттық, адами құндылықтарға негізделген "Ұлттық құндылықтарды дәріптеу" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Салт-дәстүр және әдет-ғұрып. Ырым-тыйымдар. Мұның бәрі – әрбір ұлттың ұлт болып қалыптасуындағы маңызды рөл атқаратын алтын арқау, жібек тін.
Шаң басқан көмбеміз қайта аршылып, ауылы алыстаған ұлттық құндылығымыздың жандануы – халқымызға үміт пен сәуле сыйлағандай еді. Содан бергі де уақытта қазақ халқының қолөнері жанданып, оған үлес қосушылардың саны жыл сайын артып келеді. Атадан балаға мирас болған төл өнердің жанашырлары өзіміздің өңірден де табылады.
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдар арасында қолөнершілер көрмесі өтті. Қолөнер шеберлері көрмесін ұйымдастырудағы басты мақсат – ұлтымыздың салт-дәстүрін дәріптеу, жас қолөнер шеберлері мен аудандағы мектепке дейінгі ұйым педагогтарына қолдау көрсету. Көрме барысында тәрбиеленушілермен бірге ши тоқу, қоржын тігу, киіз басу, кілем тоқу көрмелерін және асықтан неше түрлі дамытушы ойындарды таныстырып, көрсете білді.
Халық қазынасы болып саналатын ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету – бүгінгі қоғамның өзекті мәселесінің бірі. Тәрбиелеп отырған тәрбиеленушілерімізге осы ұлттық құндылық дағдыларын қалыптастыра білу біздің басты борышымыз.
Рухани-мәдени іс-шарада "Арайлым" МКҚК бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Б.Т.Муталиева сөз сөйлеп, ұлттық өнердің үлгісі жайындағы келелі ойларымен бөлісті.
– Дәстүрді жаңғырту, қазақ халқының ұлттық тамырына бойлау – көрегенділіктің белгісі. ХХІ ғасырды ақпарат ғасыры, заманауи өзгерістер уақыты дегенімізбен, ұлттық құндылықтың орнын бұл дүниелер баса алмайды. Ұлттық құндылық ұлтпен бірге жасайтын, қазығы тереңге қағылған мәңгілік мұра. Оны насихаттау, мұртын бұзбай келешекке жеткізу – біздің міндетіміз. Бұл – көбімізге ой салатын рухани шара болды. Бұрын ата дәстүрдің мәйегін ауылдан іздесек, қазір жылдан-жылға қолөнер шеберлері ауылда да азайып барады. Сол себепті де осы салада ерінбей еңбектеніп жүрген барша іскер жандарға алғысымызды білдіреміз, қолдауға әзірміз, – деді білім бөлімнің мектепке дейінгі ұйым әдіскері Айгүл Жайыққызы.
Іс-шара барысында "Ерке бала" бөбекжай-балабақшасының психологы З.Жетпісбай қатысушылармен көңілді тренинг жүргізді.
Іс-шара соңында қазылардың шешімімен жеңімпаздар анықталып, "Ер-Дин" бөбекжай балабақшасы Бас жүлдеге ие болып, басқа жүлделі орындар иеленген педагогтарымыз да марапатталды.
ЖУМАБЕКОВА Айгуль Жайыққызы —
Шардара аудандық білім бөлімінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» әдіскері