ШАРТАРАП ШАРАЙНА

БЕРДІБЕКОВ Тоқсанбай – Шардара ауданының, Түркістан облысының Құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Мәдениет
Ауданымызда жаңадан ашылып жатқан «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының ашылуы бәрімізге құтты болсын. Оның төрайымы Бибігүл Тасқұлқызына да бастаған ісіне мол жетістіктер тілеймін. Егемендік алған жылдардан бастап, ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлеріміз қайта келіп, мешіттер салынып жатыр. Оған осылай өздеріңіз де атсалысып келесіздер. Ауданымызда бұл бағытта «Әжелер алқасы», аудандық аналар кеңесі көптеген іс-шаралар өткізіп жүр. Өткен жылы Түркістан қаласында «Әжелер алқасының» он жылдығы аталып өтті, оған ауданымыздан 25 әже қатысты. Жарылқасын Ізбайқызы жетекшілік ететін «Ақ әжелер» халық ансамблі бар. «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында да өнерлі әжелер топ құрып түрлі іс-шараларға қатысып жүр. Үнемі жастарға ұлттық киімдеріміз бен салт-дәстүрімізді, қолөнер туындыларын насихаттап келеді. Оның бір бөлігін жаңа келгенде көріп, өздеріңіз де куәсі болдыңыздар.
Енді мына ашылып отырған бірлестіктің ықпалымен жұмыстар одан әрі жандана түседі деген сенімдемін. Ауданымызда күні кеше Қазақстан ауылында ауқымды осындай шара өтіп, оған ақсақалдарымыз, әжелеріміз, аналарымыз қатысып, жастар тәрбиесін ортаға салдық. Алда атқарылатын жұмыстардың жоспары жасалды. Қазіргі аталардың, әжелердің бәрі кешегі қариялардың көзін көрген, солардан көп нәрсені үйренген. Енді оны жастарға насихаттауды өздерінің борыштары деп түсінеді. Алдағы кезде аудандық ардагерлер кеңесі бірлестіктің жаңа филиалымен бірлесіп, жұмысты бірге жалғастыратын болады.
Made on
Tilda