Осыдан бір жыл бұрын «Тау тұлғалы азамат, ормандай орыстың арасында төредей болып жүрген бір туар қазақ» Аманкелді Молдағазыұлы Төлеев өмірден өтіпті» деген хабар барлық қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырып жіберді. Қайғымызға ортақтасып, жан жақтан көңіл айтып қоңыраулар шалынып жатты.
Ел ішінде «күтпеген қаза», «алыс жол», «бір уыс топырақ сала алмадық», «садақалары қалай болады», «дұға бағышталмай қалатын болдығой» - деген әңгімелерді болдырмау мақсатында 2023 жылдың қараша айының 24-ші жұлдызында Балықшы-Ата ұрпақтары, Ақсақалдар алқасының және бір топ ағайындардың қатысуымен жиналыс өткізілді. Аман ағамыздың садақа астарын өткізу туралы шұғыл шешім қабылданды. Бұл шешімді еліміздің барлық аумағындағы Балықшы-Ата ұрпақтары толықтай қолдады.
Ақсақалдар алқасының атына әр түрлі ұсыныстар келіп жатты. Осы ұсыныстардың негізінде Аман ағамыздың 7 күндік, 40 күндік, 100 күндік және жылдық садақа астарының өтетін жері белгіленді. Осылайша, 2023 жылдың қараша айының 28-ші жұлдызында Ақтау мен Атырау қалаларында 7 күндік садақасы берілді.
Ақтау қаласындағы өткен асқа Өмірзақ Озғамбаев, Қайролла Ережепов, Қаржаубай Рейимбайұлы, Сабыр Адай, Светқали Нұржан, алматылық Кенжебек Тұманбайұлы, 8 арыстың ұйымдастыру алқасының» басшылары, Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев, Аман ағамыздың жаназа намазын шығарған Маңғыстау облысының найб имамы Серік Хантөреев, жерлеу рәсіміне қатысқан Бекет Аманқылышұлы, Дана Асқарқызы, Аман ағамыздың игі істері мен жасаған жақсылықтарымен бөлісті.
Атырау қаласындағы ас ағамызға бес атадан қосылатын Орынбай ағамыздың шаңырағында өтті. Ағайындардан Оңайбайұлы Өтеген, Болат, Даулетұлы Өскенбай, Есенқұл ұлдары Темірбай, Сәрсен, Дүйсен, Оспанұлы Парахат, Омарұлы Максет, Тұманбайұлы Құрбан және тағы басқа да ағайындар өз тілектерін айтты.
Оңайбайұлы Өтеш ағамыз Аман Төлеевтің 1991 жылы 1 қарашада Нөкіс-Ташкент рейсі арқылы Нөкіс қаласына келгенін, ағамызды Үкіметтік комиссия мүшелерінің күтіп алғанын еске алды. Бұл сапарында ағамыз Түркменстанның Ташауыз облысы Калинин ауданында жерленген немере атасы Қалдыбаев Әлжанның басына зиярат жасағанын, Құлабие ауданында тұратын туған апасы Бақтылыға барғанын баяндады. Сонымен қатар, Балықшы ағайындардың ерекше құрметпен қонақасын беріп күтіп алғанын атап өткен болатын.
Ағамызға арналған 40 күндік садақа астар 2023 жылдың желтоқсан айының 22-24 күндері Ақтөбе, Астана, Шымкент қалаларында өтті.
Ақтөбе қаласында өткізілген асты ашқан білім саласының ардагері – Естай Жайлыбай Аманкелді Төлеевтің өмірбаянына қысқаша шолу жасап, оның есімі қазақ халқы үшін мақтанышқа айналғанына, көзі тірісінде Қазақстан Республикасының «Достық» ордені мен «Астана» медалімен марапатталғанына тоқталды.
Асқа арнайы келген Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, белгілі кинорежиссер Сергей Азимов, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Кенжебек Тұманбайұлы, еңбек ардагерлері Айжариков Түркпенбай, Әйтпембетов Бердіғали сынды азаматтар Аманкелді ағамыздың тағдырдың жазуымен сыртта жүрсе де ата-баба мекеніне бүйрегі бұрып тұрған үлкен тұлғаның азаматтық келбеті, өз ұлтын мақтан тұтатын патриоттығы туралы айтты.
Ас Ақтөбе облысы бойынша балықшылар қоғамының төрағасы Айтпаганбетов Жанат пен Ақтөбе облысы бойынша балықшылар қоғамы ақсақалдар алқасының басшысы Калменова Аманкелдінің басшылығымен ұйымдастырылды.
Адилов Ербол, Абдуллин Бекбол, Айтпаганбетов Ерболат, Адилов Нурбол, Джолдыбаев Айжарық, Алданазаров Хожахмет сынды азаматтар асты өткізу барысында белсенділік танытты.
Ақтөбе қаласындағы ас беру шарасына Астана, Алматы, Түркістан, Атырау, Маңғыстау облысынан арнайы өкілдер келіп қатысты.
Шымкент қаласындағы асты Хадиша Дербісқызы мен Серік Әлжановтың ұсынысымен Жолдас Райымқұлов ұйымдастырды.
Белгілі заңгер, меценат Бекет Тұрғараев Аман ағамыз туралы ойларын айтып, мамыр айында Республикалық деңгейде ғылыми конференция өткізуді ұсынды. Көпшілік бұл ұсынысты қолдады. Медицина ғылымының докторы, профессор Байдаулетов Иманәлі, журналист Өмірзақ Ақжігіт өз ойларын ортаға салып ұсыныстарын айтты, Шымкент қаласының Құрметті азаматы, белгілі ақын Ханбибі Есенқараева ағамыздың рухына арналған өлең жолдарын оқыды.
Астана қаласындағы 40 күндік асты Дүйсен Бұхарбайұлы ұйымдастырып, жүргізіп отырды. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының экс-депутаттары Светлана Жалмағамбетова, Бақтыбай Шелпеков, Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Зейнолла Алшымбаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Еділ Жаңбыршин, Нұржан Керімбетов, Маңғыстау облысының экс-әкімі Серікбай Тұрымов, әкімдіктің жауапты қызметкерлері мен қоғам қайраткерлері, ағайын-тума, құда-жекжаттар қатысты.
Маңғыстау облысының «Бекет Ата» мешітінің бас имамы Әнуарбек қажы құран бағыштап болған соң, Аманкелді ағамыздың жүріп өткен жолын бейнелейтін бейне-ролик көрсетілді.
Мәскеуде Қоғамдық ғылымдар академиясында бірге оқыған ішкі істер органдарының ардагері Боранбай Скаков пен Светлана Жалмағамбетова Аман ағамыздың ірі мінезін дәлелдейтін мысалдар мен деректі әңгімелер айтты.
Алматылық ағайындар 2024 жылдың ақпан айының 24-ші жұлдызында ағамыздың 100 күндік асын ұйымдастырды. Алматы қаласы Жетісу ауданының бас имамы Көптілеуов Бақытжан Аман ағамызға құран бағыштады.
Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов, Шымкент қаласынан келген белгілі заңгер, меценат Бекет Тұрғараев, ірі кәсіпкер Жауғашты Набиев, генерал-майор Талап Кабденов, Ақтөбе қаласынан келген профессор Ахан Бекежан, кинорежиссер Серік Азимов сынды азаматтар тебірене сөз сөйлеп, құнды пікірлерімен бөлісті.
Аманкелді Молдағазыұлы Төлеевтің 80 жылдығына арналған «Жеке тұлғаның қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция 24 жылдың мамыр айының 16-17-ші жұлдызында Шымкент қаласындағы «Түркістан» салтанат сарайында өтті.
Бұл жиынға А. Төлеевпен бірге қызмет еткен Ресей Федерациясындағы Кемерово облысының зиялы қауым өкілдері, отбасы мүшелері және танымал тарихшы, ғалымдар мен журналистер қатысты.
Жиынды Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымының докторы, профессор Бекет Тұрғараев ағамыз жүргізді. Конференцияның материалдары Түркістан облысының газет-журналдарында, радио-теледидарларында жарық көрді.
2024 жылдың қараша айының 9-10-шы жұлдызында Шардара қаласында Аманкелді Төлеевтің жылдық ас-садақасы болады деп жоспарлануда.
Асты өткізуге жауапты болып Мұса Бұхарбайұлы, Құдайберген Хабиұлы және барлық іс-шаралардың басы қасында жүрген Исатай Әділхан бекітілді.
Мүлкі Ата қорымында ағамызға арнап маңғыстаулық шебер салған Ақ кесененің ашылу салтанаты болады.
Осы қорымда жатқан ата-бабаларға, Молдағазы атамызға, ағамыз Аманға арнап құран бағышталады. Аман Төлеевке арнап шығарылған «Елге оралу» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтеді. Асқа республикамыздың барлық өңірлерінен қонақтар келеді.
Барлық өткен іс-шараларға шолу жасаған “Балықшы-Ата” қоғамдық бірлестігінің төрағасы – ТӨЛЕМІСОВ Матай Абилашұлы.