Бүгін аудандық мадениет сарайында облыс прокурорының тапсырмасына сәйкес, аудан прокуроры Алмас Әлінің ұйымдастыруымен, мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазиева "Отбасы берекесі" кітабының жарыққа шығуымен таныстырып, отбасы құндылықтары тақырыбында кездесу өткізді. Оған аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, ауданның зиялы қауымдары мен тұрғындар қатысты.
Оразкүл Асанғазиева Жамбыл облысы Шу ауданы Ақтөбе колхозында дүниеге келген. 1969 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би селосындағы қазақ орта мектеп-интернатын бітірген. 1973 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына оқуға түсіп, оны үздік бітірген.
Еңбек жолын 1973 жылы Шымкент облысы Сарыағаш ауданы Жамбыл атындағы орта мектепте мұғалімдік қызметтен бастаған.
Содан көптеген абыройлы қызметтер атқарып, 2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған.
Оразкүл Асанғазы «Құрмет» орденімен, «Еңбектегі Ерлігі үшін», «Белсенді қызметі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған, «Қазақ КСР оқу ісінің үздігі» белгісі, Астана қаласы әкімінің Алғыс хаты, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш және Бәйдібек аудандарының және Жамбыл облысы Шу ауданының «Құрметті азаматы» атақтары бар.
Қоғам қайраткері Шардарадағы кездесуде қазақ қоғамындағы тіл мәртебесі, отбасылық және рухани құндылықтарға тоқталып, қазақ ұлтының көптеген асыл қасиеттерін тізбектеді.
Сондай-ақ, Оразкүл Асанғазының "Отбасы берекесі" атты жаңа кітабының тұсаукесері өткен болатын. Автор жаңа туындысы отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәрбие мен қоғамдағы береке-бірлік тақырыптарын қамтып, қазіргі замандағы отбасы институтының маңыздылығын ашып көрсетіп береді.
– Бұл кітапты жазуда әр қазақ отбасының босағасы кең, шаңырағы биік болсын деген ниетті мақсат тұттым. Сондай-ақ әр шаңыраққа пайдасы тисе екен. Бір кезде жас келіншек менің жас отбасыға айтқан ақыл-кеңесімді тыңдап ажырасу райынан қайтқанын айтты. Осындай шынайы оқиғалар да менің «Отбасы берекесі» кітабын жазуыма түрткі болды. Отбасында ер мен әйелдің орны бала үшін маңызды. Ер адамның баласы алдында үш міндеті бар: жақсы ана табу, жақсы есім қою және жақсы тәрбие беру. Ұлттық құндылық насихатталатын, отбасылық ортадағы рухани бірлікті арттыруға ықпал ететін туынды оқырманға ұнайды деп үміттенемін, – деді Оразкүл Асанғазы.
Сонымен қатар, кездесуде қазақ руханиатына өлшеусіз үлес қосқан зиялылар, жазушылар мен ғұлама-ғалымдардың жазып қалдырған шығармаларына шолу жасап, әрбірінің қоғамға тигізер пайдасының мол екендігін айтты. Қазақ ұлтының салт-дәстүрі, ислам діні мен ауызекі әдебиеті әрқашан жақсылық пен ізгілікке бастайтын үлкен ілім бұлағы екендігін жеткізіп, көптеген отбасылық құндылықтардың негізгі қағидаттарын «Отбасы берекесі» кітабына жазғанын атап өтті.
Жиын соңында Оразкүр Асанғазықызының иығына шапан жабылып, ақбата беріліп, құрмет көрсетілді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі