Дәстүрлі шара жыл сайын жаһандық өркениет пен еліміздің даму бағытына сай үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген, жан-жақты білімді, өз саласының кәсіби маманы танылған бюджеттік сала қызметметкерлері арасында Шардара ауданы «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен «Тіл шебері» аудандық байқауы ұйымдастырылып келеді.
Байқаудың мақсаты жас мамандарға қолдау көрсете отырып,тіл мәдениетін көтеруге ықпал ету, үштілділікті насихаттау, бюджеттік сала қызметкерлерінің үштілділікті меңгеруге деген қызығушылығын арттыру, тілдік ортаның қалыптасуына үлес қосу.
Байқау шартына сай қатысушылар «Елтаным», «Сөзтаным», «Ойтаным» кезеңдері бойынша бақ сынады. Олардың үш тілді меңгеру деңгейі мен тілдік норманы сақтауы, орфографиялық және орфоэпиялық сауаттылықтары бағаланды. Жеңімпазды төрағалық еткен арнайы құрылған қазылар алқасы анықтады.
Қазылар алқасы мүшелерінің ортақ шешімі бойынша
Бас жүлдені С.Каттабеков атындағы жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Умарова Сұлушаш, І орынды М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Қарабаева Махаббат, ІІ орынды "Ақалтын" жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Алиева Асель және Т.Тәжібаев атындағы жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ержанова Алтынай, ІІІ орынды М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Дербісбаева Гүлназ бен А.Әлімбетов атындағы жалпы білім беретін мектептің орыс тілі пәні мұғалімі Балтаболатова Сәрсенкүл және С.Құрманғазы атындағы жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Есмұханова Меруерт иемденсе, қалған қатысушылар арнайы Алғыс хатымен, «Тіл шебері» Дипломымен және сыйлықтармен марапатталды.
Байқаудың барлық қатысушылары өте мықты дайындықпен келіп, әрқайсысы тілдерді жақсы білетіндігін көрсетті. Бұл байқау қатысушыларға көптілді білуге, бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуға мүмкіндік берді. Бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін адам өз елінде де, шетелде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатындығын көрсетті.
Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ