«Amanat» партиясының Шардара аудандық филиалы-ның қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға партия филиалының төрағасы Бекет Ережеп Құдайбергенұлымен қатар аудан әкімінің бөлім, басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты.
Қабылдауға келген Айменова Гүлдар, Тілеулиева Гуля, Кешубай Мария, Ибраева Гүлжамал, Сүлейменова Зылиха, Сәдібекова Тіллә, Турусова Сановар, Нұрлыбаев Есенбектер тұрғын үй кезегі мәселесі бойынша өтініш-терін білдірді.
Аудан басшысы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Бауыржан Билаловпен бірге жақында жүз отбасыға үй берілгенін, күзде тағы да 120 үй берілетіндігін, бұл дәстүр келесі жылы да жалғасын таба-тындығын қабылдауға келгендерге түсіндіріп, әр азаматқа кезегі бойынша үй берілетіндігін айтты.
Сол сияқты әлеуметтік көмек сұрай келген Мансұрова Гүлзираның өтінішін қарап, шешуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жоламан Тұрлыбековке тапсырды. Ал, Ақынбеков Бекжанның өтінішіне орай Қастеев көшесіне асфальт төсеу жұмысы атқарылатын болды.
Қабылдауда болған Сағынбекова Фатима 4 айлық баласы-ның өсу қабілетінің нашарлығын айта келе мүгедектікке шы-ғаруға көмек сұрай келіпті. Бала жайлы мән-жайды түсіндірген аудандық аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орын-басары Нұрғали Молдаханов балаға жақсы ем жасалса жазылып кететін мүмкіндік барын, ал мүгедектікке шығару үшін де медициналық тексерілу, ем қабылдау қажеттігі, бірақ жағдайының нашарлығынан тексерілуге, емделуге бара алма-ғандығын мәлім етті. Аудан басшысы қажетті тексерілу өткізуге, ем-дом жасауға демеушілер арқылы көмек көрсетіле-тіндігін айтып түсіндірді.
Аудан әкімі барлық өтініштер бойынша бөлім басшы-ларына тапсырмалар беріп, алдағы кезде мұндай мәселелерді бөлімдердің өзінде шешу қажет екенін айтты.
Ж.ЖІГЕРҰЛЫ