Қыдыр аралаған Қызылқұм мен Шардара, Сыр өңірі ұлттық өнерді ұлықтап жүрген жыршы-жырау, әнші-термешілерге қашанда кенде болмаған. Осы сөзіміздің бір дәлелі қасиетті қара домбырасымен Қарақалпақстан, Өзбекстан аймақтарындағы қандас бауырларымыздың мерейін жыр-термесімен қандырып, халықтың сүйіктісіне айналған жыр жампозы сексеннің сеңгірінен асып, өмірден өткен жыршы, термеші, сазгер Ташман Шекеров еді.
Шекеров Тәшман 1936 жылы 15 тамызда бұрынғы Қызылқұм ауданының «Шымқорған» ауылында дүниеге келген. Ол бала жасынан өнерге құштар болып, домбыраның қоңыр үніне елтіп өсті. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында «Қызылқұм кеңшарындағы мектеп табалдырығын аттап, аталған білім ошағын 1953 жылы бітіріп шығады. Сол жылы Қызылқұм ауданының мәдениет бөліміне қарасты «Қызыл отау» үгіт-насихат бригадасының құрамына алынады.
1957 жылға дейін осында әдіскер, Мәдениет үйінің меңгерушісі қызметін атқарады. 1957 жылы жаңадан бой көтеріп жатқан Шардара кеңшарына көшіп келіп, жүргізуші болып орналасады. 1969 жылы аудан орталығы Абай селосынан Шардара қаласына көшірілгеннен кейін ауданның тұтынушылар одағына ауысып, зейнеткерлікке шыққанша автодүкен жүргізушісі болып қызмет атқарады.
Тәшман Әлишекерұлы осы жылдар аралығында Қарақалпақстан, Өзбекстан республикаларындағы қазақ бауырлары тіршілік ететін аймақтарда қазақтың тұрмыстық қажеттіліктерін өтеумен қатар халқымыздың ұлттық өнерімен де халық мерейін қандыра білді. Тәкең қай ауылға, қай отарға соқса да сол ауылда береке, той болып жататын. Ән мен жыр, қисса-дастандарға сусап отырған дархандығы даладай, аңғалдығы баладай қарапайым еңбек адамына одан артық қуаныш болмайтын.
Тәкеңнің ән қоржынында бірнеше дастан-жырлар бар. Толғау, арнауларды таңнан-таңға тоқтамай жырлайтын. Ірі өнер иесі, жыршы, күйші десек қателеспейміз. Өнер жолында Өзбекстан Республикасындағы қазақ диаспарасы үшін ұйымдастырылған «Замандас» телехабарына 7-8 рет қатысып өнер көрсеткен. Алматы қаласындағы «Қазақстан» телеарнасындағы ұдайы беріліп тұратын «Терме» хабарына да түсті. 2017 жылы абыз жыраудың 80 жылдық мерейтойына байланысты Шардара ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.
Шардара ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай Шардара ауданының Құрметті азаматы, исі қазаққа белгілі жыршы, термеші «Оңтүстіктің абыз-жырауы» атанған Ташман Шекеровтің атындағы «Терменің тарланбозы – Тәшман жырау» атты облыстық жыршы-термешілердің байқауы ауданымыздағы Мәдениет сарайында өтті.
Ондағы басты мақсат – халқымыздың ұлттық мәдени мұрасының бірегейі – терме өнерін бүгінгі жас ұрпаққа кеңінен насихаттап, табыстау.
Байқау екі кезеңнен өткізіліп, қатысушылар бірінші кезеңде Тәшман Шекеровтің репертуарындағы бір термені, ал екінші кезеңде «Оңтүстіктің – 100 термесі», «Текті сөздің төресі – терме» жинақтарында жарияланған бір термеден орындауы тиіс. Үміткерлер термені өз қалауы бойынша домбыра, қобыз, сырнаймен орындай алады.
Қазылар алқасы қатысушылардың сахна мәдениетіне, киім үлгісіне, мақам иірімдеріне, терме сөзінің дұрыс айтылуына баса назар аударады. Қазылар алқасы байқау қорытындысы бойынша қосымша жүлделер тағайындауға, тағайындалған жүлделерді бөліп беруге немесе бермеуге құқылы.
Ұлттық өнердің мәртебесін көтеруді мақсат еткен бұл сайысқа әр аудан, қаладан іріктеуден өткен 20 жастан 50 жасқа дейінгі бір үміткер, Шардара ауданынан үшеу, барлығы 16 үміткер қатысты.
Қазылар алқасының төрағасы Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз, ақын, өнер жанашыры Жұман Ұлықбек Назарұлы, мүшелері – жыршы-термешілердің республикалық байқауларының жүлдегері, ЮНЕСКО-ның «Ұлттық өнер жанашыры» сертификатының иегері Айдаров Әбдіғаппар Әбубәкірұлы мен Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілерінің Халықаралық Одағының мүшесі, «Қазақстан республикасының мәдениет саласының үздігі» облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұлттық жанр жөніндегі маманы Рүстемов Аязбек Әбдібекұлы болды.
Термешілер байқауының ашылу салтанатында Шардара ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Каратунов қысқаша сөз сөйлеп, жыр тарландарына сәттіліктер тіледі.
Жыршы-термеші Тәшман Шекеровтің өмір жолы, өнердегі жетістіктері жайлы бейнебаян көрсетілгеннен кейін байқау шымылдығын шардаралық термеші Аманғали Ниязов түріп, Тәшман Шекеровтің «Қахан ағаны еске алу» термесін орындады. Одан әрі байқауды жерлесіміз жыршы-термеші Сәкен Бегманов халық термесі «Не жетімді», арыстық Гүлнәз Сартаева Тәшман Шекеровтің «Тұрғанбек Қанаевқа арнауын» орындады.
Осылай басталған байқау екінші кезеңге де жетіп, үміткерлер берілген тапсырмаға орай термелер орындап, өздерінің терме орындаушылық қабілеттерін көрсетті.
Байқау аяқталып, қазылар алқасы шешім шығаруға кеткенде ел ағалары – Жетісайлық Оразқожа Бекахметов, айтыскер ақын, сазгер Мұхтар Құралов, шардаралық Жамантай Жаңабаев тағы басқалар Тәшман Шекеров жайлы естеліктер айтып, есімі ел есінде сақталып, өнері ұрпақтан-ұрпаққа өнеге болып тарай беретіндігін айтты.
Қазылар алқасының төрағасы Ұлықбек Назарұлы байқаудың өтуі туралы өз пікірін айта келіп, байқау алғаш рет өткізіліп отырғандықтан кемшіліктердің де болғанын жасырмады. Атап айтқанда, Тәшман Шекеровтың мақамымен терме орындауда әлі де болса жеткіліксіздік болған. Сонымен қатар бірқатар үміткерлер тапсырмаға сәйкес Оңтүстік өңірінің термелерін орындаудың орнына басқа өңірлердің термелерін орындаған. Дегенмен алдағы байқауларда бұл кемшіліктер түзеледі деген сенімін білдірді.
Қазылар алқасының шешімдеріне орай сарыағаштық Сауранбай Шірінбеков, қазығұрттық Мұхамед Құлбай, мақтааралдық Роза Мұратова, отырарлық Асқарбек Сапарбаев байқауға қатысқаны үшін 30 000 теңгелік сертификатпен марапатталып, оны қазылар алқасының мүшесі Әбдіғаппар Әбубәкірұлы табыстады.
Сол сияқты аудандық Мәдениет сарайының директоры Ағабек Домбаев байқауға қатысып, жоғары деңгейде терме орындағаны үшін жетісайлық Батырбек Сыздықовқа Жиенбек Шырынбеков атындағы, кентаулық Әбдірахман Файзуллаға Уәли Исахов атындағы, сайрамдық Азамат Кеңеске Жұмахан Жақыпов атындағы және шардаралық Аманғали Ниязовқа Камал Ендібаев атындағы арнайы жүлде мен 50 000 теңгенің сертификатын тапсырды.
Байқаудың үшінші орын жеңімпаздары төлебилік Сәкен Төретаев, бәйдібектік Бағдат Юсупов, созақтық Мейрамбек Тоғысовтарға арнайы жүлде мен 70 000 теңгенің сертификатын тапсырған Аязбек Рүстемов екінші орынның жеңімпаздары болып танылған саурандық Талғат Мәмбетов пен келестік Асан Бектібаевқа арнайы жүлде мен 100 мың теңгенің сертификатын тапсырды.
Ал, аудан әкімінің арнайы жүлдесі мен 100 мың теңгелік сертификатын арыстық Гүлнәз Сартаеваға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Әнуарова Карима Тойшыбекқызы тапсырды.
Байқаудың шешуші сәтінде Шардара ауданының 60 жылдығына орай Шардара ауданының Құрметті азаматы, исі қазаққа белгілі жыршы-термеші «Оңтүстіктің абыз жырауы» атанған Тәшман Шекеров атындағы облыстық «Терменің тарланбозы –Тәшман жырау» атты жыршы-термешілер байқауының бірінші орын жеңімпазы болған шардаралық Қанат Дауылбаевқа арнайы жүлде мен 150 мың теңгенің сертификатын, ал Бас жүлдеге лайықты деп танылған шардаралық Сәкен Бегмановқа арнайы жүлде мен 200 мың теңгенің сертификатын қазылар алқасының төрағасы Жұман Ұлықбек Назарұлы тапсырды.
Байқау соңында Болатбек Қаһанұлы әкесі, екі мәрте Ленин орденімен марапатталған Қахан Жүнісов пен анасы Палының рухына арнап жазған Тәшман Шекеровтің толғауын орындаған Аманғали Ниязовқа ризашылығын білдіріп, иығына шапан жауып, 100 мың теңге тарту етті.
Осылайша, Тәшман жыраудың мұрасын жаңғыртқан облыстық термешілер байқауы өз мәресіне жетті. Бұл сайыс – қазақтың төл өнерін дәріптеудің бір көрінісі болды. Жыршы-жыраулардың ізін жалғап, ұлттық өнерді насихаттаушылар көбейген сайын, халқымыздың рухани байлығы арта түспек. Тәшман жыраудың мұрасы – тек өткеннің емес, болашақтың да қазынасы.
Жаңабай СЕЙДУӘЛИЕВ