2024 жылға жария хабарландыру Қазақстандық отбасының өнегелі құндылықтарын санаға сіңіру, отбасы институтын нығайту және мәртебесін арттыру, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын таныту мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына іріктеу басталғандығын хабарлаймыз. Үміткерлерді тіркеу 2024 жылдың 15 маусымына дейін жүргізіледі. Байланыс телефоны: 8 708 817 45 80 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі. 2. Конкурсты өткізудің мақсаты: 1) Отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану; 2) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру; 3) Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау; 4) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау. 3. Мыналар: 1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар; 2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды. 5. Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға бұқаралық ақпарат құралдарында көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде мынадай құжаттармен бірге беріледі: 1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері; 2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме; 3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса); 4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі – бар болса; 5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер; 7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының); отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері. 6. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді. 7. Аудандық комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды. #Otbasym2024