Шардара ауданының 60 жылдық мерейтойына орай, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру, оларды қолдау және аудан тарихын құрметтеуге арналған аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйытқы болуымен «Жайдарман» сайысы өтті.
«Шардара ауданының тарихы мен бүгінгі күні» тақырыбымен өрілген бұл жайдарман сайысында аудан әкімінің кубогі сарапқа салынды. Сайысқа аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қатысып, жас жайдарманшыларға сәттілік тіледі.
– Шардара – тек тарихы бай өлке ғана емес, жастары дарынды, болашағы зор мекен. Бүгінгі «Жайдарман» сайысы соның дәлелі. Жастардың білімге, өнерге деген құштарлығын көріп, қуанып отырмыз. Осындай шаралар арқылы олар өз қабілетін танытып қана қоймай, туған өлке тарихын танып, құрметтеуді де үйренеді. Бүгінгі шара – достық пен шығармашылықтың жарқын көрінісі. Жастарымыз әрдайым биіктен көріне берсін! – деді өз сөзінде Бейсенбай Тасболатұлы.
Жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жас дарындарды қолдау, ел болашағын мәдени тұрғыдан қолдауға серпін беру мақсатында сайысқа мектеп оқушыларынан құралған 6 команда қатысып, әрқайсысы өз талантын, тапқырлығын, ел тарихына деген құрметін астарлы әзілмен шебер ұштастырып көрсете білді.
Кештің көрігін қыздырған сайыс барысында көрермендер көтеріңкі көңіл-күйде болып, командалардың әрбір сәтті әзілін жылы қошеметпен қабылдады. Ал қазылар алқасы командалардың таңдаған тақырыптарын, әзіл мазмұны мен оның көрерменге әсерлі жеткізілу деңгейін саралай келе, әр команданың ерекшеліктеріне тоқталып өтті.
Тартысты өткен додада І орынды жаңашылдығымен, тапқырлығымен көзге түскен «Ibilim high school» командасы иеленсе, ІІ орынға М.Горький мектебінің «Шардара жастары» командасы, ал ІІІ орынды Қоссейіт мектебінен келген «Ханшайымдар» командасы еншіледі. Барлық қатысушыларға аудан әкімінің кубоктары, «Алғыс хаты» мен арнайы сыйлықтары табыс етілді.
Жайдарман – жай ғана ойын емес. Ол – өнер мен білімнің, тапқырлық пен тәрбиенің тоғысқан тұсы. Ал Шардара жастары бұл жолы өздерінің осал еместігін тағы бір дәлелдеді.
Аяжан ТӘЖІ