Құрметті Қары Нұрмахан Қауысұлы!
Сізді адам өміріндегі үлкен бір белес болған 65 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Балалық, жастық, жігіттік, ағалық жастарда өзіңізге лайықты естеліктеріңізді қалдырып, жеткен жетістіктеріңізді одан әрі жетілдіріп, абырой мен бедел арттырған бұл жас Сізге алдағы кезде де көктемдей көңіл, жаздай шуақ, мықты денсаулық сыйлайтын, бастамаларыңызды одан әрі жалғастыруға, 70, 80, 90, 100 жасқа жетуге бастайтын киелі жас болсын!
Технолог мамандығын алып, комсомол, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет салаларында өзіңізді сынап көріп, соңында сүйікті де армандаған газет шығару жұмысын қолға алып, ширек ғасырға жуық «Шартарап-Шарайна» ақпараттық-танымдық газетін үздіксіз талапқа сай шығарып келесіз. Жыл өткен сайын газеттің басылым саны артып, көркемдік жағы жетілдіріліп жартылай түрлі-түсті форматта шығарылуда. Өткен жылдан бастап газет мақалалары суреттерімен қоса QR арқылы видиолары да қоса берілуде.
Сіздің басшылығыңызда «Шартарап-Шарайна» газеті өз оқырмандарын тауып, оқырмандардың, жастар мен оқушылардың да келіп ой бөлісіп, пікір алмасатын құтты орнына айналды.
Осы жылдар ішінде қаншама журналистерді тәрбиелеп, өз тәжірибеңізді үйретіп, шығармашылық шеберліктерін шыңдап, армандарына қанат байлап ұшырдыңыз. Олардың көпшілігі бұл күнде осы салада еліміздің әр өңірлерінде жемісті еңбек етуде.
Шардара өңірінде 40 жылдан астам еткен еңбегіңіздің нәтижесінде Шардара ауданының Құрметті азаматы, «ҚР Ақпарат саласының үздігі» атанып, «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы», «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы», «ҚР Мәслихатына 25 жыл», Ауған соғысы ардагерлері Одағының Б.Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалдарының иегері болдыңыз. ҚР Журналистер Одағының мүшесісіз.
Нұреке! Осындай мерекелі мерейлі сәтте Сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз. Әрқашанда деніңіз сау, көңіліңіз жайдары, отбасыңыз берекелі болсын!
«Шартарап-Шарайна» газетінің ұжымы