Түркістан облысы білім басқармасы Шардара аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2025 жылы 3 наурыз күні Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің базасында өнер мен табиғаттың үйлесімін насихаттауға бағытталған "Гүлдер әлеміне саяхат" фестивалі көркем еңбек пәні мұғалімдерінің қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Бұл ерекше де әсерлі шара ұстаздар қауымының шығармашылық әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға және жаңа идеялармен бөлісуге кеңінен мүмкіндік берді.
Іс-шараның басты мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту, қолөнер мен көркемдік дағдыларды жетілдіру және экологиялық мәдениетті насихаттау болды. Сонымен қатар, табиғаттың әсемдігін көркем өнер арқылы ашып көрсету және ұстаздардың шабытын шыңдау да маңызды орын алды.
Фестиваль аясында мұғалімдер әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды орындап, өз шеберліктерін танытты. Оның ішінде ерекше көзге түскені “Гүлдер көрмесінде” мұғалімдер өз қолдарымен жасаған гүлді композициялар мен сәндік бұйымдарын көрермен назарына ұсынып, түрлі материалдардан гүл жасау әдістерімен бөлісті. Бұл олардың өзара тәжірибе алмасуына зор ықпал етті.
Фестиваль ұстаздар үшін тек шығармашылық алаң ғана емес, сонымен қатар кәсіби тәжірибені кеңейтуге, жаңа әдістерді меңгеруге үлкен мүмкіндікке айналды. Қатысушылар бұл шарадан айрықша әсер алып, болашақта өз жұмыстарында қолдануға болатын тың идеяларға бір табан жақындады.
"Гүлдер әлеміне саяхат" фестивалі көркем еңбек пәні мұғалімдері үшін шабыт пен жаңашылдықтың бастауы болып қана қоймай, шығармашылық әлеуетті одан әрі дамытатын өрісті ортаға айналды. Мұндай іс-шаралар ұстаздардың жаңа жетістіктерге жетелейтіні сөзсіз.
Алдағы уақытта бұл фестиваль дәстүрлі түрде жалғасып, мұғалімдер арасындағы тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналады деп сенеміз!
Фестивальге қатысушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз.
Т.МАГИТОВА–
Шардара аудандық білім бөлімінің кітапхана қоры жөніндегі әдіскері