ШАРТАРАП ШАРАЙНА

МҰХАНОВА Зәмзагүл – «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бас кеңесшісі:

Мәдениет
Армысыздар, Шардараның батагөй ақсақалдары, асыл аналары! Сіздермен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Көптен бері ойда жүрген мәселенің бірі еді. Бүгін, міне, өз шешімін тауып отыр. Бұл «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған. Төрайымы – елге танымал, елдің алдында жүрген құрметті, елді аузына қаратып жүрген азаматша Айнұр Жүгінісова ханым. Қазақстанда 200-ден астам аналар бірлестігі болса соның ішінде көшбасшысы болып саналады. Айнұр Жүгінісова екі жылдан бері Президент кешені жанындағы демографиялық аналар комитетінің мүшесі. Филиалдары республикалық деңгейде ғана емес Мәскеу қаласында ашылды. Енді Орынбор, Екатеринбург қалаларында ашылғалы жатыр. Көршілес Өзбекстан, Қырғызстан да ашылу салтанатын күтіп отыр. Түркиядан да шақыру бар. Американың Чикаго қаласы, әлемді таң қалдырған Голливуд та ашуға дайын отыр. Сондықтан да бұл республикалық қоғамдық бірлестіктің ауқымы өте кең.
Қазақ жүрген жерде дәстүріміз бірге жүреді. Бірақ кешегі кеңестік кезеңде өз деңгейін сәл төмендетіп алған еді. Мысалы, арабтар қара киіммен, өзбектер өздерінің тақиясымен, шапанымен жүреді қай жерде болса да. Тойында да. Ал бізге ата-бабаларымыздан аналарымызға қалдырып кеткені ол – кимешек. Кимешек жоғалған кезде біз де жоғаламыз. Әлемді ұстап тұратын – ана дейді. Ана бұзылса – әлем бұзылады. Соны ойластырып «кимешекті неге кимеске» деп отырмыз. Кимешектің де өзіндік тарихы бар. Ата-ана деген бүкіл қазақтың тілеуін тілеп, бата жасап жүрген жандар. Асыл ақсақалдарымыз аман болсын! Ұрпақтарымыздың салт-дәстүрімізді біліп өсіп, биіктен көріне беруіне бәріміз атсалыса берейік.
Made on
Tilda