Ауданымыздың мәдениет пен әдебиет саласында біраздан бері жақсы жаңалықтар көбейіп жатыр. Жақында қазақ тілді басылымдар қатарына «Көктем күліп келеді» кітабы қосылды. Махаббат пен отбасы тақырыбын арқау еткен автормен әлі сұхбаттасып үлгерген жоқпыз. Десе де тырнақалды туындысының жарыққа шығуына ненің сеп болғанын білу үшін алдағы уақытта міндетті түрде әңгіме өрбітетін боламыз.
«Ақын, сазгер, білікті педагог Ажар Сламованың өлеңдері адам жанын түсінетіндей, өлеңдерін оқу арқылы ақынмен тілдескендей күй кешеміз. Бұл ақынның нәзік сезімді әдемі суреттеуінің арқасы деп білеміз, әрбір өлеңі тұнып тұрған лирика. Сол бір өлеңдерінен ақынның бір күнін көрдік» дейтін оқырмандар бүгінде жаңа шыққан кітаптың тұсау кесу кешін асыға күтуде.
«Уақыт пен өлшем» және «Жүрек әлдиі» деген екі бөлімнен тұратын «Көктем күліп келеді» атты кітаптың мазмұны уақыттың қадірі, уақытты қатты бағалау, бақыт пен балалық шақ, сезім мен махаббат, туған жерге құрмет, ата-ана мен отбасылық құндылықтарға негізделген» –дейді автор. Сондай-ақ 500 таралымды құрайтын бұл кітап Алматы қаласындағы «Әдебиет» баспа үйінде басылып шықты. Редакторы –Мөлдір Райымбек, суретшісі – Александр Садуақасов, техникалық редакторы – Кенжеғазы Кенебаев, беттеушісі –Айжанар Қалибекова.
Автор туралы қысқаша тоқтала кетсек, М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, 2021 жылдың «Үздік педагогі», Әлем халықтары жазушылары Одағының, авторлар қоғамының, «Қазыбек Иса атындағы шығармашылық бірлестіктің» белді мүшесі. Сонымен қатар 30-ға жуық әннің, мектеп-интернаты әнұранының авторы, «ӘХЖО-ның халықаралық «Әл-Фараби атындағы Дипломы» иегері. Бірнеше «Жыр мүшәйраларының» жеңімпазы, «Мен қазақ қыздарына қайран қалам!» жыр фестивалінің дипломанты. Республикалық «Әл-Фараби», «Қ.Бітібаева», «Абайтану», «Жарқын болашақ» олимпиадалары мен «Абай», «Ілияс», «Мұқағали» оқуларының жеңімпаздарын дайындаған жетекші.
Ажар Сапарғалиқызы – поэзия әлемінің құбылысы. Бұл бағаны өзі қызмет жасайтын М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп ұжымы берген болатын. Жасынан-ақ өнерімен елді тамсантып, сөзге тоқтаған жұрттың айызын қандырған лирик ақын оқырманның сүйікті жазушысына айналып үлгерді. Қоғамдық қызметтерге араласып, ұлттың рухани тамырын, жастар тәрбиесіне қатысты келелі пікірлер айтып көптеген жастың көкірек отының жануына ықпал етті. Жақында шыққан «Көктем күліп келеді» атты топтама жыр кітабына құтты болсын айта отырып, ақынға шығармашылық табыс тілейміз. Алдағы уақытта мазмұнды кітаптарыңыз көбейіп, көрермендерге жол тарта берсін дейміз. Кітапсүйер қауым жаңа кітаптың қанын жерге тигізбей талапайлап алып кететініне де сеніміміз мол!