–Саламатсыздар ма, бүгінгі іс-шараға қатысушы қонақтар! Бүгінгі іс-шарада жаңа Зәмзагүл анамыз бен Ботакөз апайымыз бастап, ауданымыздың зиялы қауым өкілдері қоштап, қазақы салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды жандандыру бағытында өздерінің ой-пікірлерін айтып, ортаға ой тастады.
«Қазақ аналары - Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шардара ауданындағы филиалын ашудағы басты мақсат - ұзақ өмір сүріп, өмірден мол тәжірибе жинаған аналардың ақыл-кеңестерін жастарға насихаттап, ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрді жаңғыртып, ұлттық қолөнерді дамытып, ұлттық киімдерімізді дәріптеп, қазақы болмысымызды қалпына келтіру.
Зәмзагүл апа мен Ботакөз Тағайқызы бүгін іздеген қазыналарының бір бөлшегін қасиетті Шардара жерінен табатынына сенімдімін. Өйткені, қазақ аналарының кимешегін киген аудандық «Ақ әжелер» халық ансамблінің, аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы «Әжелер алқасының» мүшелері, қолдарынан қазақы бұйымдардың бірнеше түрін жасап жүрген қолөнершілеріміз, әншілеріміздің бірқатары осында отыр. Қандай жарысымды көрініс. Алдағы кезде филиалдың қолдауымен бұл топтың қатары артып, аналарымыз той мен көшеде де осындай кимешекте жүретін кез келеді деген сенімдемін. Бәріміз біріксек шешілмейтін ешқандай түйін жоқ. Ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға баршаңыз атсалысады деп сенемін.