ШАРТАРАП ШАРАЙНА

СҮТКЕНТ - 80 ЖЫЛ

2024-09-25 15:20 Мәдениет
Биыл құрылғанына 80 жыл толған
Сүткент ауылының тарихына көз жүгіртер болсақ
Тұрлыбеков Саттар Орынбасарұлы басқарған 1961-1967 жылдар
совхоздың өсіп, өркендеу жылы болды. Малды асылдандырып, мемлекетке
генералдардың бас киімі мен сыртқы киімінің жағасы тігілетін. Елтірінің «алтын», «сұр» сорттарын тапсыруда Одаққа белгілі болды. Соның нәтижесінде совхоз басшысынан бастап, бірқатар аға шопандар мен совхоз қызметкерлері жоғары наградаларға ие болып, депутат болып сайланып, үлкен жиындарға делегат болып қатысты. Бүгінгідей үлкен
мерекеде Сүткент ауылының сол бір күндердегі қарбалас еңбекті баяндайтын бірнеше мәліметті суреттерімен оқырмандар назарына ұсынуды жөн деп таптық.


Тұрлыбеков Саттар Орынбасарұлы

1912 жылы 12 желтоқсанда Сырдария облысының Қызылқұм ауданына қарасты Сырдария поселкесінде дүниеге келген.
1933-1939 жылдары «Қапланбек зооветеринарлық» техникумында білім алған.
1941 жылы соғысқа аттанып, Сталинград майданында елімізді азат етуде үлкен ерлік көрсетіп, 1945 жылы туған жеріне аман-есен оралады. Еңбек жолын Қызылқұм ауданының малшаруашылық бөлімінің зоотехнигі, 1951-1953 жылдары Арыс ауданына қарасты Байырқұм және Шәуілдір совхоздарында бас зоотехник, Шардара совхозы мен Киров ауданына қарасты Шымқорған совхоздарында мал тұқымын ірілендіру жөніндегі бас зоотехник болып қызметтер атқарады. Осынау еңбектері жоғары бағаланып, Қазақстан Республикасының «Еңбек сіңірген зоотехнигі» атағымен марапатталған.
Бірнеше мәрте ауылдық, аудандық, облыстық кеңестерінің депутаты, КСРО-ның XXI съезінің делегаты болған Тұрлыбеков Саттар Орынбасарұлы 1961-1967 жылдары Сүткент совхозының директоры қызметін абыроймен атқарады.
Өндірістегі ерен еңбектері үшін Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің Президиумының Председателі Жұмабек Тәшенов пен Қазақ КСР Президиумының Секретары Бәйкен Әшімовтардың қолынан Мақтау қағазын алған.