Көркем еңбек – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыратын, өмірге деген құштарлығын арттыратын маңызды пәндердің бірі. Бұл пән балғын жүректерді ұлттық құндылықтарды бағалауға, өнерді құрметтеуге тәрбиелейді.
Осындай мақсатта аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Эстетикалық пәндер» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өнер – асыл қазына» атты апталық жоғары деңгейде өткізілді.
Апталықтың ашылу салтанатында оқушылардың қолөнер бұйымдары мен бейнелеу өнері туындыларынан көрме ұйымдастырылып, жас шеберлердің туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеде түрлі техникада орындалған жұмыстар көрермендердің жоғары бағасына ие болды. Сонымен қатар, өнер мен білімді ұштастырған «Әнді жалғастыр», «Сұрақ-жауап», «Бөренеге шеге қағу» сияқты танымдық сайыстар өткізіліп, үздік шыққан оқушылар арнайы марапаттармен марапатталды.
Апталық барысында «Әлем халықтарының тағамдары» тақырыбында 7 "а" сынып (Туршекова М), «Мен ғарышкер боламын» тақырыбында 4 "а" сынып (Керімқұлова К), «Электр энергиясының көздері» 5 "а" сынып (Тұрсынбаев Е) сынды тақырыптарда ашық сабақтар ұйымдастырылып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың танымдық көкжиегін кеңейтті.
Мектеп ұжымы мен оқушылар апталық аясындағы барлық шараларға белсенді қатысып, өнер мен білімнің өзара үндестігін терең сезіне білді.
«Өнер – асыл қазына» апталығы өскелең ұрпақты өнер арқылы ізгілік пен сұлулыққа тәрбиелеуде және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда үлкен рөл атқарды.
Е.ТУРСЫНБАЕВ – Б.Соқпақбаев атындағы ЖББМ Көркем еңбек және музыка пәнінің бірлестік жетекшісі