ЖШС "Ерке бала" бөбекжай балабақшасында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының аясында ата-аналармен біріккен әртүрлі іс-шаралар дәстүрлі түрде өткізілуде. Таратып айтсақ МАД тобында тәрбиеші Саттарова Динараның ұйымдастыруымен "Аталар мектебі" бағыты бойынша "Аталар мұрасы - халық қазынасы" тақырыбымен ашық сабақ өткізілді. Іс-шараға тәрбиеленушілердің аталары ер тоқым, қамшы, домбыра, асықтарын және арқан ала келген екен. Аталар балаларға асық ойынын қалай ойнағандарын көрсетіп, балаларды ойнатты. Бір атамыз ер тоқымды қалай жасағанын айтып берді. Суреттердегі қазақтың ұлттық ойындарымен таныстырды. Аттарды ерттеп мініп көкпар, бәйге шапқан, теңге ілу, қыз қуу ойынына қатысқан қазақ қыздары мен жігіттерінің ептілігі мен шапшаңдығы, шымырлығы туралы айтып берді. Келесі кезекте аталарымыз домбыра тартып, балаларды "Қара жорға" биіне билетіп, бір сергітіп алды. Іс-шара барысы қыза түсіп, аталар "Арқан тарту" ойынымен таныстырды. Балаларды екі топқа бөліп, арқанмен тартысу ойынын қызықты өткізді. Қазақ халқына тән "Қазақша күрес" спорт ойындарының түріне енген ерекше танымал спорт түрі. Аталарымыз осы күрес туралы қызықты әңгімелерін айтып, әдіс-тәсілдерін көрсетті. Ортаға бүлдіршіндерді шығарып, күрестіріп, күш сынатты. Іс шара соңында аталарымыз балаларға ақ батасын беріп, жақсы тілектерін айтты.
МЫРЗАКЕЕВА Айжамал–
"ЕРКЕ БАЛА» ЖШС балабақшасының әдіскері
МЫРЗАКЕЕВА Айжамал–
"ЕРКЕ БАЛА» ЖШС балабақшасының әдіскері