Өнер — ұлттың рухани байлығы, ал оны дәріптеп жүрген жас таланттар — еліміздің мақтанышы. Дәстүрлі ән — қазақ халқының ұлттық музыкалық мұрасы, ата-бабалардан жеткен рухани қазына. Ол ғасырлар бойы ауыздан-ауызға таралып, халық өмірімен тығыз байланыста қалыптасқан. Дәстүрлі әндерде елдің тарихы, салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, табиғатқа, адамға деген көзқарасы көрініс табады.
Жуырда Жұмағалиева Айгерім Дәулетбекқызы басқаратын аудандық Саз мектебінің оқушылары көрші Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында жас өнерпаздардың шығармашылығын дамыту, олардың бойындағы дарынды, өнерге деген сүйіспеншілікті ұштау, ұлттық өнерді дәріптеу, әр елмен мәдени байланысты нығайтып, халықаралық деңгейде өз қабілеттерін көрсетулеріне мүмкіндік беру мақсатында Дәстүрлі ән айтудан өткен «Азия таланттары» халықаралық байқауына қатысып, жүлделі оралды. Бұл байқау балалар мен жасөспірімдердің өз өнерін кең аудиторияға танытуына, сахна мәдениетін меңгеруіне және болашақ шығармашылық жолына сеніммен қадам басуына ықпал етті. Сонымен қатар ұстаздар еңбегін бағалап, ел мақтанышына айналатын талантты ұрпақты тәрбиелеулеріне серпін берді.
«Ән –терме» сыныбының оқушылары Дәстүрлі ән жанры бойынша сайысқа түсіп, Ермахан Айша Дарханқызы «Ақ бұлақ» әнін орындап «Бас жүлде – Гран-при» иегері атанса, Рахметулла Әлішер «Бұлқынды жүрек» әнін орындап I орынды, Жеңіс Айзат Байсейітқызы «Көзіңнен айналайын күлімдеген», Рахметулла Әбубәкір «Домбыра», Құдайберген Омар «Белес» әндерін орындап II орындарды иеленді.
Аудандық Саз мектебінің ұстаздары – «Ән – терме сыныбының жетекшісі Раушанова Тамара Хошанқызы мен «Дәстүрлі ән» сыныбының жетекшісі Карибаева Манат Көбейқызының оқушыларының бұл жетістіктері — ауданымыздың өнер саласындағы үлкен қуанышы болды. Олар өздерінің таланты мен еңбегінің арқасында халықаралық деңгейде ауданымыздың атын шығарып, мақтанышымызға айналды. Осындай байқауларға қатысу арқылы жас өнерпаздарымыз тәжірибе жинақтап, өз қабілеттерін шыңдайды. Ал ұстаздарымыздың еңбегі мен шеберлігі шәкірттерінің жетістіктерінен көрініс табады.
Аудандық Саз мектебінің ұжымы мен олардың шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер тілейміз.
Гүлжан БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ